№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табиғатқа тазалық керек

Табиғатқа тазалық керек


Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының «Балық шаруашылыығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізу туралы» бұйрығы бекітілген. 
Онда жыл сайын өзен-көлдер көл-қоқыстан тазаланып, шаруаларға қол көмек көрсетіледі. Биыл да Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жахановпен бекітілген «Таза су айдындары-2022» акциясына сәйкес тазалау жұмыстары жүргізілді.
Көктем келіп, қар мен мұздың еріп, күннің көзі шуағын төге бастағаннан серуеннің қызғатын шағы. Көпшілік халықтың осы мамыражай кезеңде жасыл желекке оранған табиғат аясына асығатыны бәріне аян. Көбіне өзен-көлдердің жағалауында демалатындар тек тынығып қана қоймай, су айдындарын ластап кетіп жатады. Бұл таңсық жағдай емес, әсіресе, дария маңы мен демалысы жақсы аймақтар тазалықсыз қалады.
Іс-шараға Арал-Сырдария облыс­аралық бассейндік балық шаруашы­лы­ғы инспекциясының бас маманы Ратбек Сейтмұратов арнайы келіп, бақылау жасады. Бағыт Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округіне қарасты «Қалғандария-2» балық шаруашылығы. Жұмысшы топ су айдынында тұрмыс­тық қалдықтардан, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Топ құрамында ауданның ауыл ша­руашылығы бөлімінің бас маманы Жасұлан Тұрапов, аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ерлан Баязитов және ихтиолог маманы Қуаныш Әбілқасымов болып шаруалармен білек сыбана кірісті. Шаруалар құрамын «Битанов-Ш» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Шарапбай Битанов ағамыз бастап, өзге де су айдындары иелері мен еріктілерден құралған 20 адам, 6 дана жеңіл автокөлік, 1 дана жүк тасығыш трактор техникасы қатыстырылды.
– Алдағы уақытта тұрғындар мен сыртқары аумақтардан келетін мейман­дарды санитарлық тазалық талаптарын мұқият сақтауға қалыптастыру, сондай-ақ, қажетті жағдайда осы тектес тазалық акцияларын жүйелі жүргізу жоспарланып отыр. Бұл ретте жас буынның белсенділігін арттыру – басты меже. Сондықтан, ел азаматтарын қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін су биологиялық ресурстарының табиғатына, сақталуына және ұтымды пайдаланылуына ұқыпты қарауға шақырамыз, – деді Р.Сейтмұратов.
Таза су айдындары экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың басты кепілі. Оған деген аялы көзқарас пен байыпты қамқорлық тұтастай қоршаған ортаны сауықтыруға септігін тигізеді. Осы қағиданы еліміздің әрбір азаматы на­зарынан тыс қалдырмау керек.
– Акция барысында 700 кг тұрмыс­тық қалдықтар, ұзындығы 300 метрлік 3 дана жарамсыз аулар жиналып, арнаулы қоқыс төгілетін орындарға жеткізілді. «Таза су айдындары-2022» акциясы сәйкесінше 2022 жылдың 31 мамырына дейін жалғасатын болады, – деді Ж.Тұрапов.
Қазір ауданда 26 көл болса, соның 6-ы тауарлық негізде, қалғаны кәсіпшілік бағытта. Мемлекеттен балық шаурасына көңіл көбірек бөлініп, енді субсидия беру басталады. Тек тауарлы көлдерге берілетінін білеміз. Ендеше көлі бар кәсп иелері әрекетке көшіп, балық ісін қолға алатын кезі келді. Келінтөбелік Мақсат Жұмаділлаевтан бөлек бірнеше шаруа осы іске дем беруде. Біз білетін «Жыңғылдысай» көлінің маңынан былтыр жылына 1-5 млн. дана балық шабақтарын шығаратын инкубациялық цех пен шабақ өсіру питомнигін іске қосу жоспарлануда. Ал, «Қалғандария» көлінің иесі Сүйіндік Аманжолов болса балықты баласындай өсіреді. Ол мемлекеттің көмегінсіз тірлік бастаған қайсар азамат.
Күні бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, мамандар пікірі ес­керілді. Әрқашан жүйелі қызметке кірісу қағидаттары айтылды. Демек, осын­дай акциялардың су айдындарын таза ұстауға септігі мол.
Әлібек ТЕМІРБЕК
10 сәуір 2022 ж. 523 0