Мерген-2024: мұғалімдер бәсекесі
№192 орта мектебінің ер мұғалімдері арасында мектепішілік «Мерген-2024 » әскери-патриоттық сайыстың жалауы желбіреді. Дәстүрлі спорттық бәсекеге барлық пән ұстаздары қатысып, бағын сынады. Сайыстың ашылу салтанатында бас төреші, мектеп директоры Тұралбай Аманкелді және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркебұлан Бурисов ыстық ықыласын білдіріп, ұстаздарға сәттілік тіледі. АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Арман Егембердиев сайыстың ережесін таныстырып шықты.
Спорттық бәсекеге қатысушылар жас ерекшелігіне қарай бөлінді. 35 жасқа дейін, 36-40 жас аралығы, 41-50 жас және 51 жастан жоғары пән педагогтары өзара мықтыны анықтады. Барлығы 24 мұғалім қатысып, үздіктер дараланды.
Спортшылар пневматикалық винтовкамен нысанаға оқ ату, пневматикалық винтовкамен жылдамдыққа нысананы құлату кезеңдері бойынша сынға түсті. Сайыс барысында барлық техникалық қауіпсіздік ережесі сақталды.
Жылдың қорытынды сайысында 35 жасқа дейінгі мұғалімдер арасында
Ернар Жетпісбек (тарих пәні мұғалімі) жеңімпаз атанса, Ғабит Даурен (денешынықтыру пәні) екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Даурен Уалшеров (денешынықтыр пәні) түйіндеді. 36-40 жас аралығындағы сында Ержан Бексұлтанов (тарих пәні) дараланса, Бердібек Бөгеналиев (педагог-нұсқаушы) күмісті місе тұтса, Ерғазы Садықбеков (директордың оқу ісі жөніндегіорынбасары) қоланы қанағат етті. 41-50 жас аралығындағы ұстаздар арасында Бақыт Сұлтанбеков (тарих пәні) бірінші, Нұржан Құралбеков (директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары) екінші және Жұлдызбек Досжанов (денешынықтыру пәні) үшінші тұғырдан көрінді. 51 жастан жоғарғылар арасында Жеңіс Уалшеров (денешынықтыру пәні) чемпион атанса, Құлтас Елбергенов (денешынықтыру пәні) күмісті, Тұралбай Аманкелді (мектеп директоры) үшінші орыннан көрінді.
Сайыстың қорытынды бөлімінде жас ерекшелігіне қарай орын алған жеңімпаз мұғалімдер мектеп басшысының арнайы дипломдармен марапатталды.
Арман ЕГЕМБЕРДИЕВ
№ 192 орта мектеп АӘТД пәні о/ұ