Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 547

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Облыстық мәслихат депутаттары мониторинг жүргізді

Облыстық мәслихат депутаттары мониторинг жүргізді

Апта басында облыстық мәслихат депутаттары Жаңақорған ауданына арнайы ат басын бұрып, елдімекендер мен кент орталығында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Әуелі Төменарық ауылындағы 15 төсектік ауруханасы бар амбулаторияның құрылысына мониторинг жасаған «AMANAT» партиясынан сайланған Жорабек Нұрымбетов және «Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Бауыржан Сандыбаев пен Нұрымжан Сопбековтер жақсы деген баға берді.

Одан әрі кент орталығындағы 163 орта мектептің жазғы каникул кезінде күрделі жөндеуден өткен жұмысына баға берген мониторингтік топ мүшелері кем-кетік жерлерін түсіндіріп, қолға алу керектігін айтты. Келесі бағыт Руханият орталығы мен щыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс Оқушылар үйі болды.
Құрылыс бригадирлерінің сөзінше жаңа нысандар белгіленген уақытта аяқталып ел игілігіне берілетініне сендірді. Өз кезегінде мәслихат депутаттары құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және құрылыс материалдарының сапалы болуын қадағалауды тапсырды.
18 қазан 2024 ж. 211 0