» » Құрылыс нысандары бақылауда

Құрылыс нысандары бақылауда



Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында салынып жатқан және қабылданған құрылыс нысандарының сапасына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг жұмыстарын облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы, Жаңақорған аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ахметов Орман Айтмағанбетұлы және аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сапарбаев Қайрат Абдрахманұлы жүргізді.

Мониторинг барысында Жаңақорған ауданы Шалқия кентіндегі 150 орынға арналған ауыл клуб, №28 "Алпамыс" балабақшасының қазандығында сұйық оттықты газға ауыстыру, Қыркеңсе ауылдық округінің Әбдіғаппар ауылындағы № 213 орта мектептің қазандығы ғимараты және Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса, 15 төсекке арналған ауылдық аурухана құрылысының жұмыстарымен танысты.
Мониторинг нәтижелері бойынша мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігін ескертілді.
22 қаңтар 2024 ж. 162 0