№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты


Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Зейнабдинұлы Шермағанбет жұмыс сапарымен ауданымызда болып, аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетовпен бірге жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.


Алдымен Ақүйік ауылдық округіндегі №55 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, онан кейін кент орталығындағы «Маи бекеті» мен «Ипподром» мөлтек ауданындағы 300 орындық мектептердің құрылысымен, сондай-ақ, құрылысы толық аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілгелі жатқан №169 орта мектеп ғимаратының құрылысын көрді.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания басшыларына бірқатар сын - ескертпелер айтылып, құрылыс жұмыстарының сапасына баса мән беруді және мерзімінде пайдалануға берілуі үшін жұмыстарды жеделдету тапсырылды.
14 тамыз 2022 ж. 211 0