№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Облыстық партия филиалының төрағасы Жаңақорғандағы әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Облыстық партия филиалының төрағасы Жаңақорғандағы әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Бүгін партияның облыстық партия филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов Жаңақорған ауданындағы жұмыс сапары барысында аймақ басшысының бастамасымен кент орталығында салынып жатқан «Оқушылар үйі» мен «Руханият» орталығы құрылысының барысымен танысты.
«Ипподром» мөлтек ауданында 200 орынға шақталған оқушылар үйінің құрылысы өткен жылы желтоқсан айында басталған. Мұнда қосымша 50 орын өнер мектебіне арналып отыр. Қазіргі таңда құрылыс қарқынды жүруде. Жоспар бойынша қазан айында аяқталуы тиіс. Мердігерлер уақытылы бітіретіндіктерін айтып отыр. Ал «Руханият орталығы» жыл соңына дейін толықтай аяқталып, пайдалануға берілмек.
Құрылыс жұмыстары қарқынын көзбен көрген филиал төрағасы құрылыс сапасы аймақ басшысының да, «AMANAT» партиясының да қатаң бақылауында екенін айтып, мерзім қумай сапаға мән беруді тапсырды.
18 сәуір 2024 ж. 119 0