№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сағыныш...

Заман жетіліп, өркениет көшінен қалмай даланы көп қабатты үйлер бой көтерді. Ғарышқа ұшып, галактикалық кеңестікті иегеруге талпыныс бар. «Мәңгілік ұлт», «Мәңгілік ел» ретінде өмір кешудің қамын жасалуда. Бәрі дұрыс, бәрі орынды. Алайда қазақта өмірге қажеттінің бәрі бола тұра, сағыныш бар...
Иә, бізде бәрі бар. Алайда, сайын дала өмірін қатты сағындық.
Сағыныш дала ғана емес-ау. 
Жанға маза бермей жүрген сағыныштар мынаулар: 
– Түлкіге қыран салып, сәйгүлікпен сайын далада желмен жарысқан кезді; 
– Ізетті баланың үлкенге ерекше құрметін, мейірімді ата-ананың қамқорлығын;
– Ұлттық идеялогияны өзек етіп, таңнан таңға дейін елдікті жырлайтын жырауларды;
– Өзін қазақ сахарасының иесі ретінде топ бастап, сертіне қамал батырлар мен құлдық санадан таза ақсақалдарды;
– Бабанын аманаты мен үміт сазы бар, құлақтың құрышын қандыратын әуендік иірімдерді сағындық.
Бір сөзбен айтқанда, қазақы сананы, қазақы намысты, қазақы салт-сананы сағындық...
P.S.: Бұл сағыныш жақындай ма десек, «жаһандану» деген аждаһар одан ары алыстатып барады. Бойдағы қанда тулап жатқан сағынышты қашан қуып жетеді екен. Алайда, «жаным арымның садақасы» дейтін қазақ қазақтығын қайтарып алатын күн де туар. Кім білсін, бір кем дүние-ай!..
ӘКЕЛІК ҚАМҚОРЛЫҚТЫ САҒЫНУ
Баласы әкесіне: «Әке, бірнәрсе сұрасам бола ма?».
Әкесі: «Тыңдап тұрмын».
 – «Бір сағатта қанша ақша табасыз?».
Әкесі ашуланып: «Не шаруаң бар! Қайдағы жоқ сұрақты қояды екенсің!»
Бала: «Әке, айтыңызшы, білгім кеп тұр».
– «Қоймадың ғой. Бір сағатта шамамен 500 теңге табамын».
Баласы аз-кем ойланып: «Әке, маған 100 теңге қарызға беріңізші!».
– «Немене, менің табысымды қарыз сұрау үшін тексердің бе? Мен болсам күні бойы шаршап жұмыс істеймін. Сен болсаң сұрақ қойып мазамды аласың да, одан кейін ақша сұрап оны кәмпит-сағызға шашасың. Бар, бөлмеңе барып ұйықта. Сенімен сөйлесіп отыратын уақытым жоқ».
Бала жанарынан бір тамшы жас ыршып түсіп, бөлмесіне кетеді. Сәлден соң әкесі баласын жөнсіз өкпелеткеніне өкініп артынан кіреді.
– «Балам! Ұйықтап жатқан жоқсың ба? Мен саған қатты сөйлеп қойдым. Ренжіме. Міне саған сұраған жүз теңгең».
Бала қуанып, төсегінен ыршып тұрады да, жастығының астынан біраз ақшаны шығарып жүз теңгені соған қосады.
Бұл көрініс әкесінің ашуын тағы да тудырып: «Ақшаң бар екен ғой! Неменеге менен сұрадың?» – дейді.
Сонда баласы: «Әке, менің ақшам жетпей тұр еді. Енді 500 теңге болды. Енді маған бір сағатыңызды сатыңызшы, бірге болайық!» – депті.
СӨЗ СОҢЫ. Ата-ана нарықтық қоғамның құлына айналған уақытта «әкенің балаға» деген қамқорлығын әрбір бала сағынып жүр десек те болады. Әттен, бір кем дүние!..
03 маусым 2018 ж. 1 767 1

Гость Jeahulalf от 5 ақпан 2019 14:05
Progesterone Australia Priligy Chi L Ha Usato cialis online Order Antabuse Disulfiram Online Propecia Capilar Where To Buy Cefixime 400 Mg Does Amoxicillin Work On Uti Pharm Online generic cialis from india Shipped Ups Bentyl For Sale Real Mifepristone Et Misoprostol Prix Donde Comprar Cialis Tenerife cialis generic Amoxicillin Allergy Swelling Levitra Prezzi Di Vendita Viagra Generico Levitra Dosierung Erfahrung viagra Viagra De 100 Precio Purchase Viagra Australia viagra Priligy Sur Le Nhs Online Drug Stores In Usa