№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бала құқын кім қорғайды?

Бала құқын кім қорғайды?


Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты іс. Егемен елдің ертеңі – желкілдеп өсіп келе жатқан жас құрақтың хал-ахуалы қоғам назарынан ешқашан түскен емес. Әлемдік дамудың қарқынды қалыбы адам капиталы мәнінің жаңаша қалыптасуын қажет етеді. Білімді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу – бүгінгі күннің ең басты мәселесі осы.
Адам бірден тұлға болып тумайды, ол тәрбие арқылы қалыптасады.
Баланы туылған күннен бастап қамқорлықтан қағажу қалдырмауды мақсат тұтқан біздің елімізде жеткіншектерге жан-жақты жағдай жасау мәселесі жылдан-жылға артып отыр. Мемлекет басшысының «Балапан» бағдарламасы бүлдіршіндерді 100 пайыз балабақшамен қамту мәселесін күн тәртібіне қойды. Бұл меже ауданымызда толық мәреге жетті.
Ал біздің бүгінгі сараптағалы отырған тақырып – бала құқығы мәселесі.
Тағдырға талқылау жүрмейді. Тал бойына таңба түсіп, жергөгінен жарымжандық қамытына құндақталған қоғамның титтей мүшелерін қолдап, демеудің қандай тетіктері бар? Туабітті кемтар дүниеге келген немесе жазымға ұшырап, саушылығына кінәрат түскен, соның салдарынан сағы сынып, қатарынан қалып қоятын жәутеңкөздерге қамқорлық мәселесі қай деңгейде?
Мемлекет бұл деңгейдегі топтың мүддесін қорғауда оларға даму мүмкіндігі шектеулі деген арнайы статус белгілеп, соның шеңберінде нақты қаржы-қаражат қарастырып, ереже заңдылықтары негізінде жанды жұмыс жүргізіп келеді. Осы жұмыстар өз ауданымызда талап деңгейінде атқарылып жатыр ма?
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында осы мәселеге тереңірек ден қойып, арнайы балалар мекемелерін аралап, жауапты мамандармен тілдесіп, біраз мән-жайларға қанықтық. Сонымен...
Алғаш маңдай тіреген мекемеміз – аудан орталығындағы №28 «Алпамыс» санаторлық бөбекжайы.
Ашылған күннен бастап санаториялық сауықтыру орнына ыңғайластырылған балалар мекені 2008 жылы екі қабатты 90 орындық жаңа ғимаратқа қоныс аударып, балаларға жан-жақты жағдай қалыптасты. Бұл бөбекжайға мантуы іскен 1-6 жас аралығындағы балғындарға жолдама беріледі. Сонымен қатар отбасында контакт орын алған жағдайда арнайы мекемеге оқшаулауды қажет етеді.
Айта кету керек, 2017 жылдың мамыр айында аталмыш мекемеге елжанды тұлға, әрі тәжірибелі маман Динаш Ахметова келгелі біраз игі өзгерістер өмірге келді.
Бақшада бұған дейін 28 бүлдіршін тәрбиеленсе, қазір оның саны 41-ге жетіпті. Артық штат бірліктері қысқартылып, қызметкерлер саны 96-дан 70-ке түскен. Қ.Р Үкіметінің 2015 жылғы 10/93 қаулысына сәйкес арнайы мекемеде баламен жұмыс жасайтын мамандар еңбекақысы 60 пайызға артқан. Түнгі ауысымдағы тәрбиешілерге жалақысына қосымша тағайындалған.
Балалар мекенінің бүгінгі хал-ахуалы жөнінде мекеме басшысы былай дейді:
– Біраздан бері жаңартылмаған балалар мекенін талапқа сай жабдықтауда қазынадан көмек бөлдіруге күш салып, соның нәтижесінде қаралған 2 млн 287 мың теңге қаржыға төсеніштер алдық, төсек-орын жабдығын түгелдей жаңарттық, тоңазытқыш, бөлме салқындатқыштарын алдық. Музыкалық сахна залын көркемдедік. Сонымен қатар балаларға жұмсақ ойыншықтар алынды. Асханадағы тозығы жеткен ескі ыдыс-аяқтар түгелімен жаңартылды.
Дімкәс сәбилерге не көмек көрсете аласыздар? Бұл сұрағымызға балабақша мейірбикесі Анаркүл Даниярова жауап берді. «Тыныс алуды реттейтін УВЧ көмегіне жүгінеміз небулазер аппараты жұмыс істеп тұр».
Баланы қуантуда мүдде бірлігі қажет. Осы орайда бөбекжайға аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ильясовтың арнайы соғып, жәй-жағдайымен танысуы, осы аймақтан сайланған аудандық мәслихат депутаты Әлібек Нәлібаевтың қамқорлық танытып, 15 шырша көшетімен қамтамасыз етуі қос ресми өкілдің алдағы уақытта балалар мекеніне бұрылар жолды асфальттатып, қатынаушыларды жаңбырлы күндері көліктері сазды батпаққа милықтап жататын күрделі жағдайдан арылту мәселесін жауапкершіліктеріне алуына ұжым көп үміт артып отыр екен.
– Бізге бүгінгі таңда көлік мәселесі зәрулік туындатып отыр, – дейді бала бақша меңгерушісі. Денсаулық бөлімімен бірлескен сараптамаға сүйнесек, бізге келуі тиіс 30-40 бала үйде отыр. Елді мекендерден қатынас қиын, әрі қаржыға тіреледі. Көлік мәселесі шешілсе, қолы қысқа ата-анаға көп демеу болар еді.
Бөбекжай ішін аралап көріп, ойыншықтардың көптігіне, оқу іс-әрекетінен бөлек балаларды тарту, қызықтыру, жалықтырмауға жағдайдың жеткіліктігіне көз жеткіздік. Сонымен қатар қажетті инвентарьлардың реттіліг мен тазалығы көңілімізден шықты. Ал есік алдына осы көктем 300 түп тал көшеті, 15 шырша отырғызылыпты. Арнайы құдық қазылған, арықтарда су жүріп, арнайы беседкалар, ойын-құралдары балалар жазғы серуеніне әзір тұр.
Келесі тағы да осындай арнайы балалар мекенжайы – Арнайы балабақшаға (бұрынғы №3 «Жалын») бас сұғып, ішкі-сыртқы жағдайымен таныстық. Балабақшаны түгел аралатып шыққан аға тәрбиеші Жақсыгүл Сапарованың айтуынша, бұл мекемеде тіл, құлақ мүкістігі, тірек-қимыл қозғалысында ақау бар бүлдіршіндер тәрбиеленеді екен. Бір жылдан бері арнайы балабақша болып қайта құрылымданған сәбилер мекені невропатолог-дәрігер, логопед, массажист маманмен қамтылған. Дегенмен толық жабдықталып бітпеген мекенжай қажеттілігіне зәру арнайы медициналық құрылғылар, физиоемдеу жабдықтарына сұраныс беріп, қаржы қаралып тұр екен. Ойыншықтардың тапшылығы да балаларға талас тудыратыны сезілді. Әзірге балабақша қызметкерлерінің қараорынды қажырлы еңбектерімен көркемдеуге тырысқан талаптары жағалай тізілген қол еңбегі бұйымдарынан көрініп тұр. Бұл ретте суретші-дизайнер Сәмбетов Алтынбектің үлесі мол екен.
Біз одан әрі аудандық білім бөлімінде болып, осы салада арнайы жұмыс жасап келе жатқан жетекші маман Назерке Сәбитқызымен тілдестік.
– Аудан бойынша 26 мемлекеттік балабақша бар. Оның 5-і орталықта, қалған 21-і елді мекендерде. Мемлекеттік бақшалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан 1-6 жас аралығындарды балаларды қамтуға толық мүмкіндік бар. Ал жеке балабақшаларда 3-6 жас аралығы ғана заңдастырылған. Ел жағдайын зерделегенде 100 пайыз балабақшамен қамтыдық дегенімізбен жеке балабақшаларда ясли тобын ашу қажеттілігі туындап отыр.
Орталықта 4 арнайы бөбекжай: Арнайы балабақша және №28 «Алпамыс бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен өзге №5 «Балғын» және «Болашақ» балалар бақшасы (оның бірінде 17, екіншісінде 18 бала), сондай-ақ «Нұрлы Сенім» жеке балалар бақшасында 34, «Еркетай» жеке балалар бақшасында онға жуық даму мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Бұл балалармен жұмыс педагогикалық-психологиялық орталығы мамандарымен бірлесе атқарылады, – деген ол соның әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, кәсіби тұрғыдан көзқарасымен бөлісті.
Балабақшадағы бұл балақандардың саны жасына және дәрігерлік сараптамаға қарай жылма-жыл өзгеріп отырады. Саушылығында кінәраты бар сәбилердің мектеп жасына толғаннан кейін жағдайы қалай болады?
Бұл туралы аудандық білім бөлімі психолог-әдіскері Нейла Беркімбаева былай дейді:
– Бүгінгі таңда 161 бала үйден оқытылуда. Биыл 9-ы бітіргелі отыр. Бітіргеннен кейін олар жеңілдікпен колледжде білімін жалғауына болады.
Мына мәселе өзекті: баланы үйде емес, мектепте оқытуға мүдделілік қажет. Кімнің болсын қоғамнан тыс қалуы көбірек күйзеліске, томаға-тұйықтыққа алып келеді. Баласын қатарынан қалдырмай алғы күнге ұмтылу ата-анаға да сын. Ал бұған мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуы тиіс. Белгілі диагнозбен аурушаңдық 5 адамнан асқан жағдайда сынып ашу заңдылықта бар. Бізде қазір үш мектепте (№163, №125, №110) осындай арнайы сыныптар бар. Алдағы уақытта тағы осындай мектептер тізімін аудан басшысы алдына мәселе етіп қойып отырмыз.
Кемтар бала келешегінде кедергіні сезінбеуі тиіс. Бойында бар бейімі мен дарынын, талантын жарқыратып көрсетуіне де жағдай жасалған.
Биыл республикалық «Жұлдыз-Ай» фестиваліне сұрыптауда №247 мектептен 1 қолөнерші, №224 мектептен би өнерімен 1 оқушымыз үздік шықты. Наурыз айында «Ордакент» Мәдениет сарайында «Жүрек жылуы» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, өнер көрсеткендер түгелдей сый-сияпаттармен марапатталды. Бұл жұмыстарда «Нұр Отан» партиясы, жастар ресурстық орталығы, жекелеген кәсіпкерлер үлкен демеушілік танытып, шараға дем берді, – дейді ол.
Біз бұл мақаламызда «Нұр Отанның» «Кедергісіз – келешек» жобасына орай Елбасының «Мен жас ұрпақтың ел болашағы үшін маңызын әрқашанда атап көрсетіп келдім. Мемлекет әрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болуы үшін бәрін де жасайды» деген халыққа берген уәдесіне сай жергілікті жерде атқарылып жатқан іс-шаралармен жұртшылықты біршама хабардар еттік деп ойлаймыз. Бірақ біліп қана қою аз, оған қоғам болып үн қосып, тыныс-тірлігінің жандануына үлес қосуымыз керек. Тағы бір тілегіміз, мемлекет тарапынан жасалынып отырған қамқорлықты дұрыс үйлестіруде аталмыш орындар басшыларының мейірімді жүрекпен ұштасқан таза қолды, құштар көңіл, жанашыр болуы бәрінен маңызды.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
02 маусым 2018 ж. 1 598 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 05:31
Dapoxetine A Vendre online pharmacy isotretinoin 10mg skin health Nizagara Online Canadian

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 05:56
Acheter Low Cost Dapoxetine Pills Sildenafil Generique 20 Mg viagra prescription Where To By Xenical Diflucan For Sale