ІТ САЛАСЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Бүгінде ІТ саласы мамандарына сұраныс жоғары. Технология тілін түсінетін, оны бес саусақтай білетін жандарға жұмыс жетіп артылады. Болашақта да бұл сала мамандарына сұраныс артпаса, кемімесі анық. Себебі жаһанда технология күн санап қарыштап дамып келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та биылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауында осы тақырыпқа арнайы тоқталды. ІТ саласын дамыту керек екенін алға тартты.
Сондай-ақ, Елбасы "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуінде:
- Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жас оқып жатыр, олардың 30 процентке жуығы мемлекет бөлген грантпен білім алуда. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін төмендегідей шараларды ұсынамын. Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді. Мұнда ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып отыр, - деді.
Дереккөз: Массагет.кз