№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенішке қандай мамандар қажет?

Кенішке қандай мамандар қажет?


«Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-үшін қандай мамандықтар қажет? Ол жағдайда мектеп бітірушілер қайда білім алуға мүмкіндігі бар? Дипломы бар жастар келешекте қызметке қалай орналаса алады? Осы сауалдарға өндіріс орнынан арнайы келген делегат №51 М.Қаратаев атындағы орта мектепте өткен кездесуде жауап берді.
Иә, 2017-2018 оқу жылының аяқталуына да аз қалды. Алда түлектерді ҰБТ күтіп тұр. Ендігі мәселе мектеп бітуршілер қандай мамандықты таңдайды. Болашақта қандай мамандық сұранысты арттырады. Осы мәселе төңірегінде біраз әңгіме өрбіді.
Алдымен, «ШалқияЦинк ЛТД» бас директорының кеңесшісі Нажмадин Мұсабаев қонақтарды таныстырып, тиісті сала басшыларына сөз берді. Салынып жатқан кен байыту фабрикасының директоры Нұрлан Жекенов келешекте фабрикада жұмыс істегісі келетін жастар қандай пән таңдау керек, қайда оқуға болатынына тоқталды. Оның сөзінше, геологтар, лабораторияда жұмыс істейтіндер және басқа да салаға барғысы келетіндер ҚазҰТУ, КарГу, Қостанай қаласындағы әлеуметтік-техникалық университетте оқуларына болады. Одан бөлек, аудандағы агро-техникалық колледж, Шиелідегі индустральді-ауылшаруашылық және «Технологиялық барлау» колледжіне де түсулеріне болады.
Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керектігін айтты. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік беретінін түсіндірді. Оның ішінде инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандарына келешекте сұраныс артады деген сөз. Оған бір ғана мысал бүгінгі кездесу. Яғни, өндіріс орнынан келген мамандар техникалық мамандардың қажет екенін айтты.
Кездесу барысында бас инженері Фархат Мамбетов, жобалық топтың инженер-гидротехнигі Зияд Молдыбаев пен рудниктің директоры Вячеслав Щербаков ойларымен бөлісті. Бас механик Александр Ливеринов, аға механик Мұратхан Ашимов және басқарма аппаратының жетекшісі Дамир Какоков пен кадр бөлімінің маманы Қаламқас Данабекова да арнайы келіпті.
Жалпы, кездесу барысында инженер-механик, инженер-жобалаушы, инженер-энергетик, құрастырушы, электрик, электрмен дәнекерлеуші, сантехник, слесарь, токарь секілді мамандар көбірек керек екенін түсіндік. Себебі, көптеген мекемелер мен орталықтар жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталуда. Өкінішке орай, заманауи техникалық құралдарды істен шығып қалғанда жөнге келтіретін мамандар тапшы.
Сонымен жиынды қорытқан басқарма мүшесі Нажмадин Мұсабаев қазір Шалқияда 700 жұмысшы істейтін болса, фабрика құрылысы басталса 1500 адам жұмыспен қамтылатынына тоқталды. Сондай-ақ, 2021 жылы 1500 қызметкер тұрақты жұмысқа орналасатынын тілге тиек етті.
– Тау-кен өнеркәсібінде әрқайсысының мол тәжірибесі бар. Сондықтан, сіздермен бөлісуге келіп тұрмыз. Әрі, өнеркәсіпке байланысты Шалқия кенішіне керекті мамандықтарды таңдауға шақырамыз, – деді. Әрі, кездесу соңында оқушыларды ынталандыру мақсатында сый-сыяпат жасалды.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
17 наурыз 2018 ж. 1 823 0