Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенеден кесел келмесін десек

Кенеден кесел келмесін десек


Конго Қырым гемморагиялық қызбасы бойынша қолайсыз аудандар қатарында тұруымыз көп жұмыстарды қажет етеді.
Ауданда 2022 жылы КҚГҚ-ның 3 жағдайы тіркелсе 2023 жылы 6 жағдай тіркеліп, 1 науқас қайтыс болды. 2023 жылы алғашқы науқас Шиелі ауданында наурыз айының екінші онкүндігінде ауыр халде аурухана қан кету белгілерімен түскен.

Инфекцияның негізгі ауру көзде­рі сүтқоректілер болса, таратушысы кенелер болып есептеледі. 2023 жылы жүргізілген зоопаразитологиялық барлау, зерттеу жұмыстарының нәтижесімен кенелердің жұқпалық пайыздарының 3-7 есеге өсуі анықталған, сондықтан 2024 жылы КҚГҚ-сы ошақтарының тіркелу қаупі және тұрғындардың кенемен жанасу қаупі де жоғары болатынын, көктем ерте түсіп, кенелер ерте оянатын болса, КҚГҚ жұқтыру қаупі наурыз, сәуір айларында тіркелуі мүмкін деп болжауға болады. Эпидемиологиялық ахуалдың әлсіреуіне тұрғындардың арасында кене шағу, кенемен жанасу, мал күтімі және ауыл шаруашылық жұмыстарымен айналысу кезінде қорғаныш ережелерін мүлде сақтамауы себеп. Сондай-ақ, малды сою, өңдеу, мал күтімімен айналысатындығын жасыру фактілері де әсерін тигізуде. Кене шаққан жағдайда оны мерзімінде хабарламауынан науқастардың ауыр халдері мен өлім жағдайына ұшырау мүмкіндігі артады.
Сондықтан мал, егіндікпен айналысқанда, далалық жағдайда еңбекпен шұғылданғанда, табиғатқа демалысқа шыққанда, аңға, балық аулауға барғанда төмендегі сақтану шараларын ұсынамын.
1. Мал қырқымы кезінде қырқымға қатысушылар қорғаныс киімдерімен жұмыс жасап, ұзын резеңке қолғап, алдына резеңке алжапқыш байлап, ұзын қоныш етік киюі қажет.
2. Кенелердің жабысуын болдырмауға арналған түрлі жақпа майлар, аэрозольдер түріндегі үркіткіш заттар (репелленттер) пайдалану керек.
3. Табиғатқа шыққанда, ауыл шаруашылық малдарына, үй жануарларына күтім жасағанда, мейлінше ақшыл түсті жабық киім кию, шалбардың балағын етік ішіне немесе шұлық ішіне салып, жеңді, жағаны түймелеп, кене кірмейтіндей жағдай жасау керек.
4. Кенені жалаң қолмен жұлуға, ұстауға, өлтіруге болмайды.
5. Жеке бас гигиенасын қатаң сақтау қажет.
Арудың алғашқы белгілері байқалғаннан дер кезінде медициналық көмекке жүгіну – аурудың асқынуы мен өлім жағдайларының алдын алатынын есте сақтаңыздар.

Асқан Отарбеков,
Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық аурухананың дәрігер-эпидемиологы
05 наурыз 2024 ж. 405 0