№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған ауданы бойынша Конго-қырым гемморагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы жайлы

Жаңақорған ауданы бойынша Конго-қырым гемморагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы жайлы

Жаңақорған ауданы бойынша Конго-қырым гемморагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы жайлы

Фото

Аудан бойынша 2023 жылдың сәуір айының 21 жұлдызына дейін ауданда кене шағумен 24 адам есепке алынды, 2022 жылы осы кезеңде кене шағумен 8 адам есепке алынған, биыл кенелердің адамдарға шабуылы 3 есеге жоғарылаған, бұл биыл қыс айының жылы болуынан кенелер ерте оянғанын көрсетеді.

Ауданымыз Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан.
Аудан бойынша 2023 жылға Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан «қолайсыз» 15-елді мекендер есепке алынды. Атап айтқанда: Шалхия, Құттықожа, Бірлік, Қосиенкі, Қыраш, Талап, Төменарық, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Түгіскен, Өзгент, Машбек, Байкенже, Билібай ауылдары.

2023 жылдың 11сәуірден бастап қолайсыз елді мекендерде көктемгі кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары басталды, кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары 2 кезеңде жүргізіліп 5 мамырда аяқталады.

Көктемгі кенеге қарсы өңдеу жұмыстары сапалы жүргізілуі үшін өңдеу жұмыстарының алдында барлық мал қоралар, аулалар механикалық тазалау жұмыстарынан өтуі керек. Тазаланбаған мал қораларда қанша өңдеу жасалғанымен, қидың, көңнің арасына ұялап қалған кенелерден сауықтыру мүмкін болмайды.

Аналық кенелер көбіне қи-қоқыстардың астына жылы, термостаттық жағдайда ұрпағы өсіп-жетілетін жерлерге жұмыртқалайды.
Аурудың жиі тіркелуінің бірден-бір себебі де осы – кенелердің елді мекен аумағындағы мал қораларда жұмыртқалауы болып табылады. Мүмкіндігіне қарай мал егелеріне елді мекендердегі мал қораларды кенелер ұялап қалмас үшін іші сырты әктелетіндей етіп салуды және мал қораның ішін таза ұстауды ұсынамыз.

Кенеге қарсы сапалы өңдеулердің бір түрі – ауылшаруашылығы жануарларының денесіндегі сыртқы және ішкі паразиттерді қатар өлтіретін акарицидтік препараттарды (ивермек, т.б.) егу арқылы кенеден құтылу жолдарын да ұйымдастыру қажет.

Мақсатты түрде жүргізілген кенеге қарсы өңдеу шараларының сапалы жүргізілуі адамдар арасында аурушаңдықты болдырмауға және өлім жағдайларының алдын алуға тікелей әсер етеді.


Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы Айдарова Шынар Қожанқызы.
25 сәуір 2023 ж. 427 0