№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Қауіпті кесел дендемесін десеңіз

Қауіпті кесел дендемесін десеңіз


Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша ауданда эпидемиологиялық ахуал күрделі. Маусым айының 19 мен 23 аралығында 4 науқас тіркеліп, барлығы зертханалық тәсілмен дәлелденіп, нақтыланып, 26 маусым күні 77 жастағы бір науқас, дәрігерге кеш жүгінгендіктен, қолданылған емдерге қарамастан, қайтыс, болды, қалған 3 науқас толық емделіп шығып, үйлеріне шығарылды.


Содан кейін Сунақата елді мекенінен 73 жастағы бір науқас тіркеліп, нақтыланса, Байкенже елді мекенінен тағы бір науқас инфекцияның ықтималды түрімен тіркеліп, 2 рет зертханалық тексеру қорытындысы теріс болғандықтан диагнозы басқа ауруға ауыстырылды. КҚГҚ-ның негізгі таратушысы кене болса, кене шағумен 200 жуық адам медициналық көмекке жүгініп, 14 күндік медициналық бақылаудан өтуде, 60% кенеден зардап шеккендер маусым айының аяғы мен шілде айының бүгінгі күніне дейін тіркелуде. Ауа райының апталап ыстық болуы кененің өсіп өніп, көбейюіне қолайлы жағдай туғызуда.
Сондықтан, құрметті аудан тұрғындары, егер кене шақса немесе үстіңізден кене алсаңыз, аурудың алғашқы белгілер, атап айтқанда дене қызуының көтерілуі, бастың ауруы, аяқ-қолдың қақсауы, әлсіздік пайда болса, бірден дәрігерге көрініңіз. Мал жайғағанда, шөп дайындағанда, далаға демалуға барғанда кенеден сақ болыңыздар.
Осы жағдайларға байланысты ауданымызға Республикалық СЭС-тен, облыстық сан-эпид бақылау басқармасынан, облыстық денсаулық басқармасынан, облыстық ветеринарлық қызметтен мамандар келіп, атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, жалпы бүгінгі таңда табиғатта кененің көптігін, олармен күресті әлі де күшейту қажеттілігін, халық арасында кенеден сақтану, ауыра қалса бірден дәрігерлік көмекке жүгіну, халық арасында түсіндіру жұмыстарды жалғастыра беру керектігі туралы нұсқамалар берді.
Бүгінгі таңға Төменарық елді мекенінен тағы бір болжамды жағдай, тіркелуде, анализдері облыстық сараптама орталығына жіберіліп күтілуде, кене шаққан, шақпағанын білмейді, дегенмен жеке қожалығында малы бар, сиыр сауады екен.
Сондықтан мал, егіндікпен айналысқанда, далалық жағдайда еңбекпен шұғылданғанда, табиғатқа демалысқа шыққанда, аңға, балық аулауға барғанда төмендегі сақтану шараларын ұсынамын.
1. Мал қырқымы кезінде қырқымға қатысушылар қорғаныс киімдерімен жұмыс жасап, ұзын резеңке қолғап, алдына резеңке алжапқыш және ұзын ққоныш етік киюі қажет.
2. Кенелердің жабысуын болдырмауға арналған түрлі жақпа майлар, аэрозольдер түріндегі үркіткіш заттар (репелленттер) пайдалану керек.
3. Табиғатқа шыққанда, ауыл шаруашылық малдарына, үй жануарларына күтім жасағанда, мейлінше ақшыл түсті жабық киім кию, шалбардың балағын етік ішіне немесе шұлық ішіне салып, жеңді жағаны түймелеп, кене кірмейтіндей жағдай жасау керек.
4. Кенені жалаң қолмен жұлуға, өлтіруге болмайды.
Арудың алғашқы белгілері байқалғаннан, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну- аурудың асқынуы мен өлім жағдайларының алдын алатынын есте сақтаңыздар.

Асқан ОТАРБЕКОВ,
Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық аурухананың дәрігер-эпидемиологы

---
25 шілде 2023 ж. 223 0