№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенеден келетін кесел!

Кенеден келетін кесел!



Ауданда 2023 жылдың маусым айының 21 күніне бастап 24 күні аралығында аса қауіпті Конго Қырым геморрагиялық қызбасы (әрі қарай-КҚГҚ) ауруының нақтыланған 4 жағдайы есепке алынды. Тіркелген науқастарды елді мекенге бөлгенде: Құттықожа ауылында -2 жағдай, Жаңақорған кентінде-1 жағдай, Қожакент ауылынан -1 жағдай есепке алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу жұмысы жүргізіліп анықталғаны: 2 науқасты кене шағу, 1 науқаста кенені жалаң қолмен езу болған, науқастар кенені денеде алғанда жергілікті емдеу орнына қаралмаған, медицина мамандарына кеш қаралып 3 науқас ауыр жағдайда, 1 науқас орташа ауырлық жағдайында ауруханаға жатқызылған. Жаңақорған ауданы аса қауіпті табиғи ошағында орналасқан, яғни КҚГҚ қоздырғышын тасымалдаушы кенелер біздің аумағымызда өмір сүреді.

Бұл аурудың аса қауіпті аталуы егер науқас дер кезінде дәрігерге көрініп емделмесе қанның көп кетуінен өлімге әкелуінде.
Бұл ауру адамға вирусты тасымалдайтын кене шаққанда, сондай-ақ малдағы кенені жалаң қолмен жұлғанда, езіп өлтіргенде, қой қырқу кезінде, кенені қырқып тазартқанда, кененің қаны шашырағанда жұғуы мүмкін. Сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде оның қанымен жанасу болғаннан кейін жұғады. Аурудың жасырын кезеңі 1-7 күннен бастап, 12-14 күнге дейін созылуы мүмкін. Адам ағзасында жалпы улану белгілері пайда болып, науқастың басы қатты ауырады, әлсіздік пайда болып, бұлшық еттері, сүйектері сырқырап ауырады. Ұйқысы бұзылып, дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Науқастың белі, іші ауырып, құсу жағдайы да болады. Ине шаншыған жерлер көгеріп, көзі қызарып, ауыз, мұрын қуыстарынан 7-8 –ші күндері қан кетуі мүмкін. Дер кезінде емделмеген жағдайда науқастың қан анализдерінде қанның ұю уақыты ұзарып,қан көп кету жағдайына әкеліп соқтырып, кеш келген науқасты аман алып қалу жағдайы мүмкін болмай қалады. Егер науқас дене қызуы көтерілісімен емдеу орнына қаралып емін дер кезінде алса , науқас қан кету жағдайына жетпей жазылып кетеді де науқаста 5 жылға дейін иммунитет пайда болады.

Бұл індетті болдырмас үшін басты жағдай кенелерді жою шараларын жүргізу, мал қораларды көңнен қидан таза ұстау арқылы кенелердің мал қорада ұялап көбеюінің алдын алуды ұйымдастыру қажет. Кенелер малдың қанымен қоректенетіндіктен малға кене жабыспау үшін дәрілеп отыру қажет. Табиғат аясына шыққанда ақ түсті жеңі ұзын киім киіп, балақты шұлықтың ішіне салу қажет.

Егістікке, табиғат аясына және мал қораға барып келген соң сыртқы киімдерді шешіп денені кенеге мұқият тексеру керек;
Аудан тұрғындарының назарына! Егер денеңізге кене жабысқанын байқағанда өз бетіңізше ем жасамай жергілікті медицина маманына қаралуға кеңес береміз.

Жаңақорған аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
Шынар Айдарова
25 маусым 2023 ж. 236 0