№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жол жөнделсе жүріс өнеді

Жол жөнделсе жүріс өнеді

Ел мен елді, жер мен жерді жалғайтын жолдың сапасының жоғары болуы, көптің де тілегі осы. Себебі, жыл сайын салық төлеп, жолдардың жөнделуіне бөлінетін қаражатқа өз қалтасынан үлес қосады. Қазақта «Жол жаман болса, атың да сүрінеді, атан да сүрінеді» – деген тәмсіл тегін айтылмаған.Жыл сайын басшылардың халық алдында берген есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан көтерілетін өзекті мәселенің бірі осы жол мәселесі. Жаяу жүргіншілер үшін де, көлік иелері үшін де жолдың сапасының өзекті екенін ескерсек, кезең-кезеңімен бұл мәселе шешіліп келеді.
Былтырғы жылдың өзінде кент ішіндегі 133 көшенің 33-не асфальт төселді. Әсіресе, шеткі аумақтар Саяжай, МАИ бекеті, Қорғантоғай, Жаңауылға басымдық берілді.
2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 344,6 млн теңгеге Жаңақорған кентінің ұзындығы 20 шақырым болатын 10 көшесіне, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 265 млн теңге қаражатқа 14,1 шақырымды құрайтын 22 көшеге жөндеу жүргізілді. Аудандық бюджет есебінен Байкенже ауылдық округінде ұзындығы 1,5 шақырым болатын екі көше жөнделді.
Сондай-ақ, облыстық маңыздағы Қандөз-Көктөбе 58 шақырым жолға 2019 жылы күрделі жөндеу өтіп, Келінтөбе-Бесарық бағытындағы 11 шақырым жол жөнделсе, биыл облыстық, аудандық маңыздағы жолға орташа жөндеу жүргізуге 1млрд. 76 млн. 593 мың теңге қаралды. Мұның 428 млн 207 мың теңгесі республикалық, 99 млн 967 мың теңгесі облыстық, 520 млн 298 мың теңгесі аудандық бюджеттен бөлінеді.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
13 наурыз 2021 ж. 1 048 0