Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Бүгін «Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығы» ғимаратында аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлының төрғалығымен кезекті комиссия отырысы өтті.

Комиссияның күн тәртібіне сәйкес Сүттіқұдық, Қосүйеңкі, Қандөз ауылдық округ әкімдері мен аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының және Түгіскен ауылдық клуб үйі директорының Мемлекеттік Рәміздердің қолданылуы, пайдалануы және орналасу тәртібінің сақталуы жайлы есепті хабарламалары тыңдалды.

Жиынды қорытындылай келе аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы мемлекеттік рәміздердің қадір - қасиеті мен оған деген құрметті арттыратын, патриоттық сана - сезімдерді қалыптастыратын насихаттық жұмыстарды күшейту қажеттігін айта келе, әрбір мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшыларына Мемлекеттік Рәміздерді құрметтей отырып, Мемлекеттік рәміздердің дұрыс орналасуына аса жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Сонымен бірге, тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, бақылау күшейтілді.
11 желтоқсан 2023 ж. 444 0