Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мемлекеттік рәміздер - ұлттың таңбасы

Мемлекеттік рәміздер - ұлттың таңбасы

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлының төрағалығымен аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.


Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясында Келінтөбе, Төменарық, Ақүйік ауылдық округ әкімдері мен Жаңарық ауылдық клуб үйі директорының Мемлекеттік Рәміздердің қолданылуы, пайдалануы және орналасу тәртібінің сақталуы жайлы есепті хабарламалары тыңдалды.

Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов осыған дейін жүргізілген мониторинг нәтижелерін баяндап өтті.


Аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы мемлекеттік рәміздердің қадір - қасиеті мен оған деген құрметті арттыратын, патриоттық сана - сезімдерді қалыптастыратын насихаттық жұмыстарды күшейту қажеттігін айта келе, әрбір мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшыларына Мемлекеттік Рәміздерді құрметтей отырып, Мемлекеттік рәміздердің дұрыс орналасуына аса жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарауды тапсырды.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Нуридинов бірқатар ауылдық округ әкімдері мен сала мамандарына аудан әкімінің міндетін атқарушы Дархан Тұрсынбаевтың "Алғыс хатын" табыс етті.
17 маусым 2023 ж. 372 0