Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүрді

Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүрді


Алматыдағы Наурызбай ауданында сел жүрді. Бұл туралы ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Today.kz. Жауынның салдарынан Ақсай аңғарының Қызылжар өзенінде көлемі 800 текше метр болатын сел жиналды. 

"Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты Ақсай шатқалын тексеру барысында Қызылжар өзеніне (Ақсай өзенінің саласы) үздіксіз жауған жаңбырдың салдарынан 800 текше метр лай көшкіннің жүргені анықталды. Лай көшкіні пионер лагеріне апаратын жергілікті маңызы бар автомобиль жолын жауып, асфальттың үстімен ағып жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында "Қазселденқорғау" мекемесінің жеке құрамы мен техникасы көшкін салдарын жою жұмыстарын жүргізуде", – деп хабарлады ТЖК өкілі. 
Лай көшкіні Талғар ауданында да жүріп жатыр. 
"Жаңбырдың үздіксіз жаууына байланысты "Түйе" тауы бөктерінен 60 текше метр лай көшкіні төмен сырғыды. Соның салдарынан "Талғар-Спутник жазғы лагері" жергілікті маңызы бар автомобиль жолы жартылай жабылып қалды. Оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылған. Жергілікті атқарушы органдарға көшкін салдарын жою және автомобиль жолын уақытша жабу туралы тапсырма берілді", – делінген ТЖК хабарламасында. 
15 мамыр 2018 ж. 1 202 0