Мәртебелі мұғалім
Ұлт ұстазы Бауыржан Момышұлының «Өмірге бала алып келген аналарды қалай құрметтесек, ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген сөзі бар. Ақиқатында ұстаз балаға ата-анадан кейінгі, ақыл-ойдың, әдептілік пен ізгіліктің, білім мен біліктің дәнін сеуіп, тәлім-тәрбие беретін ұлы тұлға. Мұғалім – қоғамның айнасы. Ұстаздан алған білім мәңгілік азық болатыны белгілі. Жақсы ұстаздан тәлім алған ұстамды шәкірт елдің ертеңі.
Расында, мұғалім – мектептің жүрегі.
Осындайда ұстаздарға артылар жүктің қаншалықты ауыр екенін аңғарамыз. 40 жылдан астам ұстаздық салада тер төгіп, шәкірттерінің жүрегінен жол тапқан Ахметов Аллаберген Сахымбекұлы қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған ұлағатты ардагер ұстаз. Өз еңбек жолын Жаңарық елді мекеніндегі №167 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, біліктілігі мен білімділігінің арқасында 1999 жылдан бастап мектеп директорлық қызметін атқарған. Еңбек еткен жылдары оқышулар мен ұстаздардың шығармашылық қабілетін көтеруде жемісті жұмыс жасады. Өзі басқарған мектеп оқушылары пәндік олимпиадаларда (О.Чонгидис) жоғары нәтижелер беріп, біршама «Алтын белгі» иегерлері шықты. Ата – аналар тарапынан да үлкен сенімге ие болды.
Сонымен қатар өз қызметімен қатар қоғамдық жұмыстарды да қосып, аудан көлемінде белсенділік танытып жүрген жан. «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымының төрағасы ретінде партияның бағдарламалары мен мақсаттарын жүзеге асыруға ат салысқан, сайлау науқандарында аудандық штаб құрамында болып, бірнеше рет Партия төрағасының «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Қазіргі таңда өзі зейнетке шықса да партия шаралары мен қоғамдық шараларды ұйымдастырудан тыс қалмай, Жаңақорған аудандық «Білім беру саласының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқаруда. Бүгінгі таңға дейін өзін білікті де білімді ұстаз, күрделі мәселелердің де шешімін тауып, жауапкершілікті мойнына алатын бастамашыл адам ретінде өзін көрсетті.
#AMANAT
#ҰстазҰлыЕсім