№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру туралы қылмыстық іс қаралды

Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру туралы қылмыстық іс қаралды

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 2тармағымен сотталушы  Қ-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Қ. 2023 жылдың мамыр айының 31 күні №30 «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар поезының №8 вагонының №30 орнына Атыраудан Жаңақорған станциясына дейін мінген. Жол жүріс кезінде сотталушы Қ. осы купенің №29 орынға жайғасқан жәбірленуші С-мен танысып, поезд 2023 жылдың маусым айының 02 күні Жаңақорған станциясына жақындаған кезде, жәбірленуші С-ның купеден шығып кеткенін пайдаланып, жастығының астында тұрған сумкасын ашып, ішіндегі ақшалардың арасынан 40000 теңге ақшасын жымқырып, поездан Жаңақорған станциясынан түсіп қалып, оқиға болған жерден бой тасалап, жәбірленуші С-ға 40000 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сотта сотталушы Қ. қазіргі уақытта жәбірленуші С-ның кешірім бергенін, келтірілген шығынды толығымен қайтарғанын, істеген іс-әрекетіне шын ниетпен өкінетінін, қылмыстық жауаптылықтан босатуды, істі тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші С. өзінің өтінішхатында сотталушы келген мүліктік шығынды толық қалпына келтіргенін, қазіргі уақытта оған қояр талап тілегі жоқ, залал өтелгенін көрсетіп, істі өзінің қатысуынсыз қарауды сұраған.

Аудандық соттың үкімімен Қ. жәбірленушімен татуласып, келтірілген залалды қалпына келтіруіне байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылған.

         Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
28 қыркүйек 2023 ж. 131 0