№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тараптар медиация тәртібімен татуласты

Тараптар медиация тәртібімен татуласты

Жаңақорған аудандық сотында сотталушы А-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы А. алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыру мақсатында жәбірленуші Ә-ге мемлекеттік бағдарламамен 1380000 теңге қайтарымсыз несие алып бере алатынын, ол үшін өзіне 200000 теңге ақша қаражатын беруі қажет екенін жалған айтып, алдап сеніміне кіріп, өзінің пайдалануындағы ұялы телефонынан абоненттік номерінен ашылған Каspi Gold қосымшасы арқылы Ә-ден жалпы ақша қаражатын несие алып бере алмайтынын біле тұра өз есеп шотына аудартып алған.
Сотталушы А. жәбірленуші Ә-ден алған ақша қаражатын өз бас пайдасына жаратып, жәбірленушіге мүліктік залал келтірген.

Сот отырысында сотталушы А. жәбірленуші Ә-мен кәсіби медиаторға жүгініп, медиатор арқылы өзара ымыраға келіп, татуласып, келісімге келгендерін, залалды өтегенін көрсетті.
Жәбірленуші Қ. сотталушы келген мүліктік шығынды толық қалпына келтіргенін, медиация тәртібімен татуласқанын, қазіргі уақытта оған қояр талап тілегі жоқ екенін көрсеткен.

Аудандық соттың қаулысымен сотталушы А. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.


Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.

30 мамыр 2023 ж. 158 0