№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Архив - аудан айнасы

Архив - аудан айнасы

Соңғы үш жылдан бері еліміз бойынша архивтерде 21 қыркүйек күні «Ашық есік» күнін өткізу жоспарланған. Осы жобаны негізге алған ауданымыздағы Зағипа Абжалелова басқаратын архив мекемесі ұжымы осы күнге айрықша жоспар құрып, үш бірдей шараны бір тақырып аясында тоқайластыруға күш салды.


Оның біріншісі, қазақ руханиятына өлмес қолтаңбасы қалған, 200-ге жуық әннің авторы Бексұлтан Байкенжеев пен Қазақстанның құрметті құрылысшысы, ауыл шщаруашылығы саласында еңбек етіп, одан әрі он сегіз жыл Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған, бұгінде Жаңақорған кенті ардагерлер қоғамының төрағасы Серқожа Ылврвсовтың құжаттарын архивке салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Екіншісі, алда келе жатқан ұстаздар мерекесіне орай архив мекемесінде тектік құжаттары сақтауға алынған ұстаздар – Бегман Абжалелов, Хадиша Баязитова, Жақсыгүл Бегмановалардың өмір жолдары жөнінде арнайы стенд, көрмелер ұйымдастырылыпты. Қазірде өздері өмірде жоқ, бірақ соңына мыңдаған шәкірт тәрбиелеп қалдырған, қадір-қасиеттері, үлгі-өгегелерімен тағылым боларлықтай осы аға-апалары жөнінде жас ұрпаққа тарихи естеліктерді ұсына білген ұжымның зор ізденісті жұмыстарына көрермен ретінде өзіміз де жете куә болдық.

Архив – өткеннің құнды мұрасын тірілтетін, ата-баба жолының айшықты көріністерін айна-қатесіз көз алдымызға алып келетін әлуетімен құрметке ие. Бұл жерде архив қызметкерлерінің өз мамандығын жанымен сүйіп, сол жолда шынайы еңбек етіп, маңдай терін төгіп келе жатқанына әрбіріміз куәміз. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен соңғы сапарға дейін аттанып кеткенге дейін заңды түрде рәсімделетін құжаттарының бірі жоғалған жағдайда архив қызметіне жүгігнетіні рас. Тоқсанға келген қарияның өзінің бұдан неше жыл бұрынғы жұмыс істеген ұжымының түбірін тауып, заңды куәландырып беретін архив қызметіне жүгініп жататынын көріп те жүрміз. Енді одан бөлек елге еңбегі сіңген ардагерлердің тізімін алып, олардың өнегелі өмір жолдарын насихаттауға күш салып келе жатқан ұжым бүгінгі шарада осы жұмыстарын одан әрі тереңдете түсті.

Аудан орталығындағы №51 және №3 мектеп интернаты оқушыларына «Ашық есік» күнінде аталмыш мекемеде тектік құжаттары сақтауда тұрған Қазақ КСР оқу ісінің үздіктері Бегман Абжалелов, Хадиша Баязитова, Жақсыгүл Бегмановның өмір жолы жөнінде архивист маман Гүлдана Мешітбаева слайд сабақ өткізді.

Аудандағы мәдениет жанашырлары, еңбек адамдарының басын қосқан жиында архив басшылығы бүгін құжаттары жаңадан ендірілген қос азаматтың өміржолына шолу жасады. Ол алдымен келгендерге архив қызметінің маңызын түсіндірді.

– Архив қызметінің өзектілігі – еліміздегі және шетелдердегі құжаттық дереккөздерді бір орталыққа жинақтай отырып, қазақстандық қоғамның ұлттық мәдениетін сақтауға, адамдардың санасын жаңартуға, рухани дамуына ықпал етеді. Архив – өткен, қазіргі және болашақты байланыстыратын платформа, - деді аудандық архив мекемесі директоры Зағипа Абжалелова.

Еліміздің архмв мекемелері ұлттық бірегейлікке тәрбиелеудің негізгі көзі болып табылатын ұлттық архив қорының құжаттарын насихаттайды. Еліміздің мемлекеттік архивтері архивтік құжаттар негізінде жыл сайын 5000 нан астам ақпараттық шара өткізіп келеді.

Бүгінгі «Ашық есік» күні жобасы келешек ұрпақтың Қазақстанның туған өлке тарихын терең тануына мүмкіндік береді. Оларға ата-бабаларымыздың өткенін танытып, аға ұрпақтың жолын жалғастыратын сабақтастыққа жол береді, деген ол бүгінгі күні архив қорын толықтыру мақсатында тектік құжаттары қабылданған қос тұлғаны көппен таныстырды. Ол сондайақ, республикаға танымал сазгер Әбсұлтан Байкенжеев туралы мәліметтер мен деректер жинастыруда оның ұлы, өзі де өнер саласының өкілі Әбсұлтан Байкенжеевтің әке атына, мұрасына деген терең құрметін көріп, риза болғанын жасырмады. Бар болғаны қырық төрт жасында өмірден озып кете барған талантты тұлғаның көзі тірісінде қолмен жазған дүниелерін қаттап сақтап қойып, архивке әкеп тапсырған Әбсұлтан сонымен қоса әкесінің кеудесіне тағып жүрген значоктарын, әр жылдары сала басшылығынан алған мақтау қағаздарын, ән ноталары түскен бірнеше бума қағаздарды, сол жылдары баспасөзде жарық көрген әкесі өткізген мәдени шаралар туралы материалдарды түп-түгел архивке әкеліп өткізгенін айтты. Міне, енді архив сөресінде сол құнды қолжазбалар, құжаттар мен күнделіктер сол өткен күндердің бояуымен берге көз алдымызға кеп тұра қалыпты.

Архивке құжаты тапсырылған азаматтар туралы олардың көзін көрген, білетін адамдардың айтқан естеліктері де өте маңызды. Ол айтылғандарды да мұқият жазып алып, жете зерттеп-зерделеген соң архив тізіміне ендеруге болады. Ауданның тарихын жинақтауда да осы тәсіл қооданылады екен. Ауданда жаңадан ашылып жатқан құрылыстар жөнінде кәсіби немес әуесқой азаматтардың қолындағы фотолар сондықтан да құнды. Ескі фотоқұжаттарды қабылдау жүйелі жүргізіле беретінін айтты басшы. Бүгінде әркім өз ата-бабасын дәріптеуге құштар. Ал архивке қойылатын тектік құжат иесінің мемлекеттік деңгейде елге қызмет сіңіргенін айғақтайтын құжаттар заңдық негізде нақтылануы керек.

Архив басшысы бұған дейін заңды дерек жинауда мерзімді баспасөзге көп арқа сүйеп келгенін жасырмады. Келесі сөз алған аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Әмір архив қызметінің маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Ол бүгінгі Ашық есік күнінің мәніне тоқтала отырып, еліміздің өлкетану тарихын, ата-баба салт-дәстүрін зерттеу, жас ұрпақты отанға, туған жерге деген патриоттық сезімге тәрбиелеуде, аға буының еңбек және жауынгерлік жолының сабақтастығын сақтауда және архив саласының имиджін арттыруда тақырыптық фотоқұжаттық рекспозициялар мен көрмелер, экспонаттар, шығармашылық кездесулердің орны туралы айтты.

Шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған еңбек майталмандары Әзия Қыстаубаева, Молдахмет Ибрагимов, Айша Наубаева да өз пікірлерін айтып, тарихтан тағылымды естеліктерін бөлісті.

Баян Үсейінова
12 қараша 2023 ж. 339 0