№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Архивте ашық есік күні өтті

Архивте ашық есік күні өтті



Архив тарихтың қайнар бұлағы болса, ондағы қызметкерлер тарихымыздың тамыры, құнды құжаттардың шын жанашырлары. Олар жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған құнды, баға жетпес қазынаға жауапты маман ретінде ел мүддесі үшін аянбай еңбек етіп келеді. Ал осы аталған ұжым бүгін«Архив және болашақ» атты тақырыпта ашық есік күнін өткізді.


Мақсаты жас мемлекеттің жаңа тарихын мазмұнымен байытып келе жатқан елеулі оқиғалардың шежіресін жинауда, еңселі егемендігіміздің әрбір сәтін болашақ ұрпаққа мирас етіп қалдыруда, оны көздің қарашығындай сақтап қалуда қандай қызмет атқарып жатқандарын көрсету, насихаттау.

Міне, осындай игілікті шараны аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов ашты. Ол өз сөзінде Тәуелсіздігіміздің асыл қазынасы саналатын архив құжаттарын саф алтындай сақтап, құнды деректермен одан әрі толықтыруда аудандық архив ұжымының алар орны ерекше екенін айтты. Әрі осындай маңызды күні қызметкерлерге алғысын жеткізіп, жаңа шығармашылық жетістіктерінің шыңдала беруіне тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар бұл шарада құрметті қонақтар қатарында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, аудан әкімінің кеңесшісі Роза Исаева, кент әкімінің орынбасары Алма Мамирова, Жаңақорған тынысы газетінің редакторы Баян Үсейнова, жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров, Ажар Ахметова, Жанима Түменбаева және аудан әкімінің құжаттама бөлімінің маманы Алия Шаменовалар табылып, ел тарихының қазынасын келешек ұрпаққа жеткізуде архив саласының маңызы зор екенін тілге тиек етіп, баяндама оқыды.

Айтулы күні шараның ең сыйлы қонағы агроколледж студенттері мен мектеп оқушылары болды. Болашақ жастардың қолында. Демек оларға бұл күні ұлттық мәдениетіміздің жетістіктері жайында білуге, санасына маңызды ақпаратты қабылдауға және ауданның өткен тарихынан хабардар болуға үлкен мүмкіндік туды.

Одан әрі қойма меңгерушісі Рахат Мусаханова архивтың дамуы мен тарихына тоқталып, архив қойнауындағы аудан мақтаныштарын көпшілікке таныстырды.

Ал архивист Гулдана Мешітбаева ауданның құрметті азаматы, ҚР жазушылар және журналистер одағының мүшесі, құймақұлақ шежіреші Айдархан Бибасарұлының 85 жылдығына орай «Қаламы ұшқыр қаламгер» атты тақырыпта сабақ өтті. Онда балалар жазушының артында саф алтындай мұра болып қалған шығармаларымен танысты.

Ал шараны қорытындылаған Жаңақорған Аудандық Архивінің басшысы Загипа Абжалелова алтын уақытын арнайы бөліп келген келушілерге алғысын білдіріп, алдағы уақытта архив қорын құнды да сапалы құжаттармен толықтыруда жұмыс жасай беретінін жеткізді.


22 қыркүйек 2022 ж. 503 0