№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Архив үні – аманат жүгі

Архив үні – аманат жүгі

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы өткенімізді танып, келешегімізді бағдарлайтын мезет. Ауданның тарихын зерделеу мақсатында аудандық архивке бас сұқтық. Ауданның шежіресіне айналған «Жаңақорған тынысы» газетінің ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы тігіндісіне еріксіз қол салдым. Бәлкім осы жылдары басылымға басшылық еткен өз атамның қолтаңбасына ынтыққанымнан болар. Айдархан Бибасаровтың редакторлығымен жарық көрген басылымның сарғайған парақтарында ескірмейтін ойлар кестеленген. Оқып отырып атамның аманатын арқалағандай әсер алдым. Осы ретте мекеме басшысы Зағипа Әбжалелованы сөзге тартқанды жөн көрдім.
– Зағипа Бегманқызы, біз мұрағатты тарих айнасы ретінде білеміз. Осында жинақталып тұрған құжаттардың ең құндысына тоқталсаңыз?
– Мұнда тұрған әр құжат құнды. Соның ішінде тұрақты сақталатын құжаттар қатары бүгін де ертең де толыға береді. Өткенді білмей келешек жоқ екенін жақсы түсінген кез келген жан өз ұрпағына мол мұра қалдырғысы келетіні анық. Келер буын дерек пен дәйекті осында іздейді. Міне осының бәрі біздің мекеме қорынан табылады.Сондықтан тарихтан сыр шертетін қолдағы асыл қазынаның қадірін бүгінгі ұрпақ қастерлей білуі керек.
– Аудандық архивте ең алғаш қай құжат тіркелді, қазіргі таңда сақтаулы тұрған құнды жә-дігерлер жайында ақпарат берсеңіз?
–1986 жылы 20 қаңтарда Бекмахан Дүйсенбаевтың бастауымен құрылған мекемеге ең алғаш осы жылдың наурыз айында аудандық аурухана мен емхананың құжаттары қабылданған. Одан бөлек азаматтардың еңбек қызметін растайтын құжаттар мен зейнетақы қорына аударылған жарналар жөніндегі мәліметтер түсті. Ал осы күні аудандық архивте 42 мыңға жуық құжат қоры бар. Оның ішінде 16521-і сақтау бірліктегі басқару, ал 24600-ден астамы жеке құрам, сондай-ақ 6 Ұлы отан соғысы ардагерінің, 9 – ауданның «Құрметті азаматы»-ның 328 жеке тектік құнды дүниелері мен 318 фотоқұжат көздің қарашығындай сақтаулы.
– Заман ағымына қарай бүкіл құжаттар электронды нұсқаға көшуде. Осы бағытта жұмыс қалай іске асуда?
–2014 жылы күрделі жөндеуден өткен ғимарат жұмысы бүгінгі күні толығымен электрондық шлюзге қосылып, 7421 жеке және заңды тұлғалардың өтініші тіркеліп орындалған. Әр жылы келіп түсетін 1200-ге жуық өтініш орындалған. Бүгінгі таңда электронды сандық форматқа 9678 істен 764000 парақ өткізілген. Осы аталған жұмыс барысын одан әрі жетілдіруде мекеме қызметкерлері әлі де болса жұмыс жасауда. Сайып келгенде туған аймағымыздағы архив қызметі ел аманатына адал.
Егеменді мемлекетіміздің кешегі және бүгінгі тарихын сақтап отырған архив қызметкерлері мәңгілік елдің мәртебелі мұрасын қайта жаңғыртуда өлшеусіз қызмет етіп келеді.Сондықтан архив ұжымына сәттілік тілеп,қазына сөресін төл басылымның соңғы сан дарымен толықтырып оралдық.
Лаура БИБАСАРОВА
---
17 наурыз 2021 ж. 281 0