№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бар жақсылық балаларға

Бар жақсылық балаларға

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады». Осы аталы сөз бүгінгі қоғамның келбетіне айнала бастағандай. Алғашқы қоңырау мерекесі қарсаңында мектепке дайындалып жүрген балаларға қуаныш сыйлауға асыққан жандар аз болмады. Бүгінгідей табыс көзі азайған сәтте қолдағы барымен бөлісе білген қамқор азаматтардың мейірімін сөзбен жеткізу де мүмкін емес.

   Ауданда дәстүрлі шараға айналып, жыл сайын өткізіліп тұратын қайырымдылық шаралары қатарында аудандық мәслихат депутаттарының қайырымдылық эстафетасын ерекше айтуға болады. Атаананың жұбанышы, бар байлығы, өмірінің мәні мен сәні, көңіл шаттығы, көз қуанышы – бала. Сондықтан оларды қуанышқа бөлеу әрбіріміздің асыл міндетіміз. Сол міндетті орындау мақсатында Жаңақорған аудандық аналар кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Ақмарал Маликова «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында оқушы қауыммен жүздесті.

Кездесуге асыға жеткен Кейден, Көктөбе, Қожамберді, Аққұм және Қауық елдімекендегі жасөрендер халықтың қалаулысы, елдің іскер анасы Ақмарал Маликовамен жылы шыраймен сәлемдесіп, бір дастархан басында әңгіме өрбіткен еді.

– Айналайын, алтындарым! Жазғы демалыс та аяқталып, жаңа оқу жылы басталғалы тұр. Біздің Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тірегі өздерің, сол себепті де жасөрен жағдайы әрдәйім басты назарымызда тұрады. Жаңа оқу жылында сабақ үлгерімдерің артып, жақсы жетістікке жетіп, елдің абыройын асққақтатар білімді де тәрбиелі шәкірт болады деген үлкен үмітімізді ақтайды сенемін.– деген Ақмарал апайларының сөзін көкейіне қондырған топ ішінен:

– Ақмарал ханым, мен сізді үнемі әлеуметтік желіден байқап жүрмін, бүгін сізбенен кездескеніме ризамын. Бір сұрағым бар еді, сіз секілді жетістікке жету үшін қандай болуымыз керек? – деді Мәдина есімді оқушы.
– «Оқу инемен құдық қазғандай» демекші қай салада жетістікке жету үшін ең бірінші – білім мен тәрбие қажет. Отбасы құндылығын бойға сіңірген адам түбі жұлдызы жарық, еңсесі биік тұлғаға айналады. Өз ісіне деген жауапкершілік пен әділдік те тұлғалық қалыптасуға жол ашады. Өзімнің еңбек тәжірибемде тазалық пен адалдықты жоғары бағалаймын. Меніңше, осы қасиеттер менің алға қойған асыл армандарыма қол жеткізді деп санаймын, – деп жауап берді ол.

Жайдарлы жүздесуде оқушылар болашақ туралы әңгіме өрбітті. Келешекте қандай маман болуды армандайтынын ашық айтты. Байқағанымыздай, балалардың дені жаңа мамандыққа қызығушылығы барын аңғартты. Еркін пікір алмасулардан соң, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Ақмарал Маликова жаңа оқу жылына арналған мектеп құралдарына толы сөмкелерді тарту етіп, жақсы оқып, үлгілі оқушы болуды аманаттады.

Рухани жүздесуде ел мүддесі жолында еңбек етіп жүрген аяулы ананың ақ пейілі мен мейірім шуағына бөленген өрендер алғыстарын айтып, жаттап келген өлең-жырларын ортаға салды. Балалардың жүзіндегі қуаныш лебі мен көңіліндегі жарық нұрды сөзбен жеткізу мүмкін еместей.

Шараның шарапатын көрген көп балалы ана Жәудір Алтынбек: «Өткендегі депутаттар сайлауында Ақмарал Маликоваға халықтың басым дауыс беруінен-ақ осы тұлғаға елдің сенімін байқадық. Міне, содан бері 4 ай ішінде түрлі іс-шаралар атқарып, ел арасында кездесулер жасап келеді. Биыл 4 балам мектеп оқушысы. Оларға мектеп құралдарын сатып алу да қомақты қаржы қажет етеді. Менің әлеуметтік жағдайымды ескерген мектеп ұжымы мен қайырымды Ақмарал апайға алғыс білдіремін, – дейді ардақты ана.

Айта кетейік, аналар қауымының көшбасышысы Ақмарал Маликова Кейден, Көктөбе, Қожамберді, Аққұм және Қауық елді-мекенінен 12 балаға, Алтынсарин мөлтек ауданының 10 баласына жаңа оқу құралдарын табыстады.

ТҮЙІН. Мемлекет басшысы жолдаған Жолдауында мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шара жасау халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі екенін атап өткен еді. Осындай имандылық пен руханиятты қолдап, ата дәстүрді дәріптеп, кейінгі ұрпаққа мейірім дәнін аманаттап, қоғамға нұрлы шуақ шашып, мол сауапқа кенеліп жүрген жандардың қарекеті елді шын сүйсіндіретіні ақиқат.

Мақпал МАРҚАБАЙ
28 тамыз 2023 ж. 167 0