№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қайырымдылық акциясы көңілге қуаныш сыйлады

Қайырымдылық акциясы көңілге қуаныш сыйлады


Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ұлттың қайнар өзегіндегі қайырымдылық дәстүрін жаңғыртуды көздейтіні белгілі.
Әне-міне дегенінше оқушылардың мектепке баратын уақыты да жақындады. Тамыз мектепке абыр-сабыр дайындалатын ай. Әсіресе ата-аналар баласының киім-кешегі мен құрал-сайманын түгелдеп, базар жағалайды. Бірақ барлығы бірдей перзентінің білім алуына жан-жақты жағдай жасауға мүмкіндігі келе бермейді. Міне, осындай осал топтағы отбасыларға «Мектепке жол» акциясының шарапаты тиеді. Біз осы турасында ізденіп көрдік.


Қайырымдылық акциясына аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымы белсенді қатысып, мұқтаж отбасыларды қолдаудан жаңылған емес. Биыл да осы дәстүрді жалғастырды. Бұл туралы аудандық кәсіподақ комитеті төрағасы Елшібек Сатершинов:
– Бала біздің болашығымыз. Ата-ананың байлығы, өмірінің мәні – бала. Сондықтан оларды қуанышқа бөлеу әрбір азаматтың міндеті. Осыны сезініп, өз тарапымыздан 120 баланы оқу құралымен қамтамасыз еттік, – дейді ол.
Қызылорда облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Ақмарал Нұрғалиева 7 оқушыға мектеп құрал­дарын табыстады.
– Әрбір азамат өз туған жеріне қамқорлықпен және жауапкершілікпен қарауға тиіс. Айналамызға қарасақ, нарықтың қыспағынан шаршаған көптеген жандар киім түгілі, қара нанды әзер тауып жеп отыр. Періште бейкүнә балалардың жабырқап, өз қатарластарынан кем болғаны көңілге қаяу салады. Сол себептен біз де қарап отыра алмадық. Бұл игі ісіміз жыл сайын жалғасын табады деп есептеймін, – деді құқық қорғау саласының маманы.
Жаңақорған ауданының мәслихат депутаты Мейрамбек Қабетенов, Бақытжан Төлегенов, Жасұлан Амал­беков, Мақсат Жұмаділовтің жеке-жеке демеуімен балалар мектепке қажетті құрал-жабдық пен киімге кеңелді.
Әрине, «Оң қолың бергенді сол қолың білмесін» деген ұстанымды ұстанатын азаматтар өте көп. Олар қайырлы істерін көпке жариялай де бармейді.
Осындай қайырымды шаралар қата­рында «Нұрлы шуақ» ерікті қыз-келіншектер мен «Қамқор» әлеуметтік дүкені бірігіп 24 баланы мектепке дайындағанын айту керек. «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қоры мен «Құм сахаба» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізіліп, мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды. Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 70 отбасының баласына 70 дана мектеп сөмкесі мен құрал жабдығы табысталды. Оқушылар тізімі кенттегі 7 мектептің әлеуметтік педагогтерінен қатынас хат арқылы алынды. Бұл туралы жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаровтан білдік.
– Қайырымдылық жасау әрбір азаматтың борышы. Елім дейтін ерлер ел басына іс түскен шақта бар күш жігерін індетті ауыздықтап, мамыражай күнге жетуге ықылас-ниетін білдіруде. Көпшіліктің қолдауының нәтижесінде биыл 50 балаға арналған мектеп сөмкесін әзірледік. Балаларға қажетті мектеп құралдары қамтылды, – деді ол.
Акция аясында оқушылар оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен қамтылып келеді. Бұл іске аудандық әкімдіктен бастап, басқарма, түрлі мекеме, белсенді ұйымдар атсалысып келе жатқанын айта кеткен орынды. Біз де қуанышқа ортақтасып, шараның ортасынан табылдық. Балаларын жетектеп келген аналардың қуанышында шек жоқ. Тіпті, Айгүл Дәрменқызы екі бірдей баласының мектепке дайындығына риза болып, көзіне жас алып, ақ батасын берді.
– Мен үшін үш баланы дайындау қиын. Екеуі интернатта жатып оқиды. Біреуі мектепке енді барады. Мен бұл шараға өте ризамын. Өткен жылы да осы акцияға қатысқанмын. Менің үш балама бірдей сөмке және кеңсе тауарларын сыйға тартты. Азғантай болса да көмек көрсетті. Балалар да қуанышты. Бүгін балаларымызға мектепке қажетті құрал-жабдықтар беріп жатыр. Бәрінен де балаларымыз мектеп қабырғасына барып білім алатындарына қуанып жүр. Қандай жағдай болмасын, балаларымыз оқусыз қалмасын деп көмек беріліп келеді. Алғысымыз шексіз. Ең бастысы, балалар ауырмай, оқулары үзілмесе екен деп тілейміз, – дейді ақ жаулықты ана.
Біз тек білген, көрген, естіген қайырымды істерді ғана жаздық. Аталған шараға белсенді атсалысып отырған кәсіпкерлер мен меценаттар аз емес. Олар жайлы да жазуға дайынбыз.

Әсел РЗАЕВА
01 қыркүйек 2021 ж. 715 0