№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғажайыпқа толы жаңа жыл

Ғажайыпқа толы жаңа жыл

Жаңа жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін басты мерекесі. Жаңа жыл ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Өйткені бұл күні балалар әдемі шырша мен сыйлықтарды асыға күтіп, тағатсыздана күтеді. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» демекші, балдырғандарды сиқырлы ертегілер әлеміне жетелейтін бұл күн биыл да бүлдіршіндерді ерекше күйге бөлеп, жылдағы дәстүрге сай «Болашақ» балабақшасы мерекеге ерекше дайындалып, ерекше әсермен атап өтті.

 Тәрбиешілер мен балалар ән шырқап, жаңа жыл тақырыбы бойынша әңгімелер айтып, қызықты қойылымдар тамашалап, жаңа жылға байланысты әр халықтың салт-дәстүрмен танысып, би биледі. Балалар Аяз Ата мен Ақшақар мүсіндерін жасап, мерекелік көңіл-күймен ерекше әсер алды. Аяз ата мен Ақшақар балаларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Нәтижесінде, балабақшамыздың жаңа жылдық мерекесі өте жақсы деңгейде өтті. Залдың ортасында әсем безендірілген биік шырша орнатылды. Балалар ертегі әлемін аралап, тәтті шай ішіп, мерекелік сыйлық алып, зор қуанышқа бөленді.

Жаңа жылдың басты сәні – жасыл шыршаны айналған балаларға тосыннан сый тарту еткен Аяз ата мен Ақшақар түрлі кейіпкерлерімен театрландырылған қойылымдарға кезек берді. Балалар өнерлерін ортаға салды. Ескі жылды ризашылықпен шығарып салған балақайлар жыл басы – қоян жылын ыстық ықыласпен қарсы алды. Ертегі желісіндегі мән мен ән, талғам мен сән де әдеттегі қойылымдардан өзгешеленген бұл думан көптің көңіліне ұмытылмастай әсер қалдырды.

Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді. Балалар қызықты қойылымдарды тамашалады.
Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болсын!


Гүлнұр Бүркітбаева, “Болашақ”
балабақшасының психологы
29 желтоқсан 2022 ж. 583 0