№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаңыз мектепке дайын ба?

Балаңыз мектепке дайын ба?


Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы яғни, 1-қыркүйек білім күні де жақын. Бала біткеннің асыға күтіп, ерекше толқыныспен тағатсыздана күтетін уақыты емес пе? Әсіресе, мектеп табалдырығын бірінші рет аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін өте маңызды. Өткен күндердің тізбегі біздің көз алдымызда ғой, бүгінгі күннің балаларын сөз етейікші. Бүгінгі жас ата-аналар балаларын мектепке басқаша дайындайды. Яғни, дәруменнің түр-түрін әперіп, массаж жасатып, 4-5 жасынан арнайы орталықтарға беріп тастайды. Көп ата – аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса, кейбіреулері, керсінше, бала білмей барса, барлығын мектепте үйренуі тиіс деген пікірде. Негізі, оқуға деген құштарлық баланың жасынан бастап қалыптасуы кере қой. Ол сол кезде мектептегі баланың әдеттеріне еніп кететін болады.

Ең бастысы дәрумендер  емес, жаңа оқу жылының жаңалығы, оқулық жайы, мектеп таңдау, тіпті мұғалім таңдау, сонымен қатар мектепке дайындық дегендей ізденіс қажет. Білем, ата-ана үшін баланы мектепке дайындау оңай шаруа емес. Бала мектептен емес, мектепке дейін білімнен хабары болуы керек. Санау, жазу, бояу, ойлау, құрастыру секілді жеңіл істерді мектепке дейін біліп барғаны жақсы. Ол үшін баланы арнайы курстарға жаздырудың қажеті жоқ. Бұл істерді кішкентай балаға сабақ деп емес, ойын ретінде ұсынған тиімді. Өйткені, әлі тақта көрмеген бала ойыннан ажырай алмайды. Сол үшін сабақты баланың тілінде – ойын тілінде үйреткен дұрыс.
Баланың балабақшаға барғаны жөн. Онда бала өзге балалармен тіл табысып, асыр салып ойнап өседі. Ал, арнайы орталықтардан бала мезі болады. Онсыз да мектепке бару бала өміріндегі үлкен жаңалық, шешуші кезең, өмір мен іс- әрекеттің  жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орыңға көшу  және өсіп-жетілуіне бір сатысы. Мектепеке барғанан бастап баланың қоғамдағы орны өзгереді, бұл кезеңде бала мектеп өмірімен танысады, мектепке дейінгі ойын баласы жаңа өмірге қадам басады. Негізі, мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс – тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін пайдалану, өз кезегімен бірдей болуға тиісті.
Әрине,  әрбір ата-ана баласының дамуына ықпал ете алатын және ол үшін жаңалық болатындай бірқатар әрекет түрлерін ойластырғаны жөн. Сол уақытта ғана бала өзін тұлға ретінде тани алады, өзі үшін маңызды жаңалық ашуға талпынады. Баланы алғаш мектепке әкелерден бұрын ата-анасы онымен әңгіме жүргізіп, жаңа әлеуметтік рөлді қабылдауға қаншалықты дайын екендігін білгені өте маңызды. Балаға мектеп тақырыбына байланысты сурет салғызып, мектепте оны не қызықтыратынын білу қажет. Жүргізген әңгіменің нәтижесі мен және тақырыпқа салынған суретінің мазмұнын талдағанда, оның мектеп жайлы көзқарасын анықтап, баланы нақты не қызықтырады және нені ұнатпайтынын  білген жөн. Ең бастысы, баланың әлеуметтік-психологиялық дайындығын қалып­тастыруды ойлау қажет. Ал ол өте маңызды әрекет. Себебі әр ата-ананың қолында мемлкеттің болашағы өсіп келеді.

Әлия БЕКМЫРЗАЕВА,
«Болашақ» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
22 тамыз 2021 ж. 459 0