№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

МЕРЕКЕ ШЫРАЙЫ


Жаңа оқу жылы басталды. 1 сыныпқа келген бүлдіршіндер мектепке қадам басты. Білім беру ісінде өзіндік өрнегі бар №3 мектеп-интернаты да сән-салтанатына сай білім күнін атап өтті.


Мектеп – бала үшін үлкен өмірге бастар жол, ата-ананың ұрпағының заманауи дағ­дыларды меңгеріп, ілімді болуында үміт жалғайтын орын.
Мерекелік жиында сөз алған Ы. Алтынсарин атындағы «Құрмет» орденінің иеге­рі, мектеп директоры Ләззат Машбекқызы:
– «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деп Абай атамыз айтқандай, жастар ілім-білім жинауға қашанда асығып, озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болады деген ойдамын. Білім ордасының табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерге де алдағы уақытта сапалы білім мен саналы тәрбие алуға, елдің үлгілі азаматтары болып қалыптасуға тілектестігімді білдіремін, – деді.
Мерекелік шара барысында аудандық білім бөлімінің бас инспекторы Мира Жандарбекова оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Әлібековаға Білім және ғылым министрінің «Құрмет» грамотасын табыстады.
Бас инспектор білім ошағының ҰБТ көрсеткішіне ерекше тоқталып, соның ішінде 8 оқушы «Алтын белгі», 1 оқушы «Үздік» аттестат иегері атанғанын, 21 түлек мемлекеттік грантқа оқуға түскенін тілге тиек етті.
Одан әрі көпшілік күткен алғашқы қоңырау соғу бақыты 1 сынып оқушысы Айкөркем Анарбекқызы, Болатбек Алмасбаев пен 11 сынып оқушылары Балнұр Нартай мен Марлен Қайнарға бұйырды. Көңілге керемет күй сыйлаған әдемі кеш одан әрі мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.

Лаура БИБАСАРОВА
03 қыркүйек 2019 ж. 922 0