№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Табиғатты өрттен сақтайық

Табиғатты өрттен сақтайық

Табиғат байлығының бірі орман екені барлығымызға белгілі. Олардың қоршаған ортаны қорғаудағы маңызы өте зор. Айта кетсек, олар су режимін бірқалыпты ұстап, топырақты түрлі эрозиялардан сақтап қана қоймай, ауаны улы газдардан тазартып, оттегі бөліп отырады. Табиғат тепе-теңдігін сақтап тұрушының негізгі себепшісі ол – орман. Алайда орман қорындағы әртүрлі ормандағы өсімдіктер мен жануарларға үлкен залал тигізетін қатердің бірі өрт болып табылады. Өрттердің негізгі шығу себептеріне тоқталсақ, олардың табиғи факторлар есебінен орын алатыны өз алдына, адамзат тарапынан себепші болуы басты мәселе болып қала береді.


Қызылорда облысындағы құрғақ және желді климат, шөптесін өсімдіктердің көп болуы, орман, дала өртінің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады. Өрт қауіпті кезеңінде орман және дала өрттерінің өсуі көбінесе аумақты қажет емес қалдықтардан тазарту және ауыл шаруашылығы жерлерінде қураған өсімдіктерді немесе қалдықтарды жағу жұмыстарын жүргізу барысында орын алады. Ауыл шаруашылығы жерлерін және қалдықтарды жағу жұмыстарын жүргізу кезінде тиісті бақылау жүргізілмеуінен, минералданған жолақтарының болмауынан, жақын орналасқан орман алқаптарына жалын тарап, артынша түзелмейтін шығынға әкеліп соқтырады.
Қызылорда Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың басынан облыс бойынша орман қоры жерінде 101 гектарды құрайтын 21 өрт оқиғасы тіркеліп, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 90 пайызға өскен (2022 жылы – 11 өрт, 30 гектар).

Сонымен қатар, 2023 жылы облыс бойынша тұрғындар тарапынан абаттандыру, жерді ашу үшін қураған шөптерді өртеу барысында,ашық отты қараусыз қалдыру салдарынан шабындық жерлерде, ашық алаңдарда, автожол бойы мен канал жағаларында қураған шөптердің, шеңгел, жыңғылдардың жануынан көлемі 42 гектарды құрайтын бірнеше жану оқиғасы тіркелді.

Қорытындылай келе, орман қоры аумағында өрт оқиғаларын алдын алу бағытында облыс тұрғындары төменде көрсетілген ережелерді сақтауыңызды сұраймыз:
– шабындық, егістік, орман алқаптарында қураған шөптерді, қоқыстарды өртеуге және бақылаусыз қалдырмауға жол бермеуді;
– ауа-райы құрғақ, ыстық және қатты жел кезінде алау жақпауды;
– демалыс орнынан кетерде алауға су құйып, құм немесе топырақ сеуіп кетуді. Жанып жатқан қалдықтар мен сіріңкені лақтырмауды;
– егер өрт аумағында болсаңыз өзіңіздің күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын, және шығу бағдарын анықтап құтқару қызметіне 101, 112 нөмірі арқылы хабарлауды.

Орман, тоғайлы, далалық алқаптардаөрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінен құрылған мобильдік топтармен әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертеміз. Қазіргі таңда мобильдік топтармен орман, тоғайлы, далалық және егістік алқаптарда рейдтік шаралар жүргізілуде.

Өрт – тілсіз жау. Орман, тоғайлы, далалық алқаптарда өрт оқиғаларын болдырмас үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытпайық!
21 шілде 2023 ж. 138 0