№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Орман өрті өршімесін

Орман өрті өршімесін



Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет. Орман өрті жедел өтеді және тез таралады. Қалың ағаш ішіндегі өрт минутына 3-4 метр жылдамдықпен таралып 10-14 сағатта үлкен өртке айналады. Оның ішіне кіру де, өрт сөндіру техникаларын енгізу де қиын шаруа. Орман өрті қатты желді күні тіпті өршіп кетеді. От ағаштардың ұшар бастарынан минутына 5 метрден 100 метрге дейін және одан да көп жылдамдықпен өтеді. Жел жанып жатқан бұтақтарды және ұшқындарды жан-жаққа таратады, олар өрттің жаңа ошақтарын тудырады.
Орман өрттерінің болуының негізгі себептері мыналар:
– сөндірілмеген шылым не сіріңке;
– механизатор орманда өрт қауіпсіздігінің сақтамауы, тұтануға бейім майланған материалды тастап кету, техниканы қолдану қауіпсіздігін бұзу, техника жанында шылым шегу т.б;
– орман ішінде болған саяхатшылар, демалушылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары – кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге ашық отты пайдалану;
– орман алқаптарына жақын жерлерде орналасқан егістің орындарын өртеу;
– күннің сәулесі мол түсетін жерлерге шынының сынығын тастап кету,ал ол жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен қуат алып құрғақ шөптерді тұтандырады;
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет! – деп айтылғандай, сұлу табиғатымыздың адамзатқа берері әлі көп. Ормандағы жасыл желектің қиылуына жол бермей, өрттен сақтау – орманшылардың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, бұл жалпы халықтық іс болып табылады. Ендеше, табиғатымызды өрттен қорғайық!
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
09 маусым 2023 ж. 221 0