Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Орман-тоғайды өрттен сақтайық»

«Орман-тоғайды өрттен сақтайық»

Табиғат байлығының аса бір күрделі саласының бірі орман-тоғай, оларды қорғау, өсіру қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Орман-тоғайдың халық шаруашылығындағы маңызы сан қырлы. Орман-тоғай ауаны оттегімен толықтыру, топырақты эрозиядан қорғау, қоршаған ортаның ластануын азайту қызметін атқарады. Азаматтардың табиғаттың өзі сыйлаған пайдалы тоғайларды өртеу фактілері көбейіп кетті. Өртенген тоғай 2-3 жылсыз қалпына келмейді.
Жаңақорған ауданының орман қоры 795 535 гектарды құрайды, оның 542 338 гектары тоғайлы орман. 2017 жылы аудан көлемінде «Жаңақорған ауданы орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ-не қарасты орман қоры жерінде 3 өрт оқиғасы тіркеліп, өрт оқиғасы салдарынан 23 га болатын (шенгел, жыңғыл, тораңғыл, жиде) өртенген. Өрт оқиғасының басты себептері азаматтырдың орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі ереже талаптарының сақтамауы салдарынан болып отыр.
Қазіргі таңда, жол бойларында өртенген ағаш пен күйген жиделердің аумағы көптеп кездесіп жатады. Өз ортамызда тұрған табиғат байлығына неге жанымыз ашымайды. Қалайша ғана оларды көзіміз қиып, от қойып өртейміз? Азаматтар арасында неге орман-тоғайға деген қамқорлық төмен? Орман-тоғайдың өртенуіне ең басты себебі өзіміз.
Сондықтан, әрқайссымыз төмендегідей қарапайым, қолдан келер өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындаумыз қажет:
-ашық отты пайдалануда бақылаусыз қалдырып, оны жасөспірім балаларға сеніп тапсырып тастап кетпеу керек;
-далалық жерлерде егін алқаптарын дайындау кезінде отты бейберекет қойып, жерді ашу мақсатында пайдаланбауы керек;
-көктем, күз айларында табиғатқа демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоғын толық сөндірмей тастап кетпеуі керек;
-әрбір жер иелері өз теңгеріміндегі жерлерінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақталуын қаматамасыз етуі керек;

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ. Төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары болған жағдайда тез арада «101» немесе «112» телефонына хабарласу керек.

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
20 сәуір 2022 ж. 500 0