Орман өртін алдын алу тұрақты бақылауда
Соңғы уақытта Абай облысының «Семей орманы» резерватында болған орман өрті, соның салдарынан қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан орманшылар және орын алған оқыс оқиғалар еліміз үшін оңайға соқпады.
Осы орайда, басқарма басшысы М.Құрманбаевтың тапсырмасымен басқармаға бағынысты орман шаруашылығы мекемелерінің орман және дала өртін алдын алу жұмыстарына дайындық шаралары пысықталды.
Басқарма басшысының орынбасары М.Акбар орман мекемелерінің материалдық техникалық базасын көріп, орман және дала өртін алдын алу шараларына дайындық барысын бақылады.
Абай облысында болып жатқан орман өрті, өртті ауыздықтауда қаза болған орманшы әріптестеріміз, олардың қайғы жұтқан отбасылары еліміз үшін ауыр сынақ болды. Бізде орман және дала өртін алдын алу шараларына дайындық жұмыстарын күшейтіп, үнемі бақылауда ұстауымыз керек, – деді М.Акбар.
Орман өрттерін алдын алу және болдырмау мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 11 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 53 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Орман қоры жерлерінде 542 шақырымға жаңадан өрт жолақтарын және 5918 шақырымға ескі өрт жолақтарын қалпына келтіру және тұрғындар арасында өртке жол бермеу тұрғысында ақпараттық түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.