№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Кез келген жерде қоқыс өртеуге болмайды

Кез келген жерде қоқыс өртеуге болмайды

Күн жылына өрт қаупі бар кезең басталады. Көбінесе бұған адамның ісәрекеттері себеп: құрғақ шөпті, егістіктердегі сабақты рұқсатсыз жағу, бақшаларды тазарту нәтижесінде қоқыс пен қураған шөпті жағу. Сонымен қатар тұрғындар жаппай демалыста табиғат аясына шыққанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайды. Алдағы көктемгіжазғы мезгілде өрт қауіпті кезеңіне байланысты құрғақ шөптесін өсімдіктердің жану ықтималдығы артады. Өрттердің көпшілігі құрғақ шөпті бақылаусыз жағудан болады.

 Көп жағдайда тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай тұрғын үйлеріне, шаруашылық объектілеріне, орман қоры жерлеріне таралуына әкеп соғады.
Тұрғындар есіктің алдын тазалау барысында қоқыс қалдықтарын жағу, құрғақ өсімдіктерді, қураған шөптерді жағу арқылы табиғатқа айтарлықтай зиян келтіреді.
Бұл ретте аудан тұрғындарының назарын құрғақ шөптің бақылаусыз жағуына аударамын, жану орман тоғайлы жерлерінеде, тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттарға да таралуы мүмкін, бұл айтарлықтай материалдық залал келтіруі мүмкін.
Осы кезеңдегі өрттердің көбі азаматтардың отты абайсыз пайдалануы мен балалардың ойын қимылдарына байланысты болып отыр. Балаларға тиісті бақылаудың болмауы және ересектердің немқұрайлылығы – дәл осы факторлар үлкен қателіктерге әкеліп соғады. Өрт адамдардың өміріне үлкен қауіп төндіріп және орасан зор материалдық шығындар әкелетіні баршаға аян. Құрғақ шөптерден басталған өрт жақын маңдағы түрлі құрылыстар, көлік, саяжай мен баубақша, тұрғын үйлерге қауіп төндіреді.
Өрттен қорғану, сондай-ақ адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін бірқатар қарапайым ережелерді қатаң сақтау қажет, олар:
– тұрғын үйге және бау-бақша учаскелеріне іргелес аумақты құрғақ шөптен және қоқыстан алдын ала тазартыңыз;
– тұрғын үй құрылыстары аумағында, сондай-ақ орман алқаптарының жанында қоқыс төгуге жол бермеңіз;
– тұрғын үйлерде, саяжай учаскелерінде және орман алқаптарында қоқысты өртемеңіз;
– өрт қаупі бар кезеңде орманға шығуды шектеңіз, от жақпаңыз және ашық отты пайдаланбаңыз, темекі тұқылын тастамаңыз;
– балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;
– құрғақ шөп пен жапырақтарды арнайы белгіленген жерлерде және мұқият бақылауда өртеңіз;
– сөндірілмеген от қалдырмаңыз. Оған мұқият су құйып немесе құммен бастыру керек.
Өрт туындаған жағдайда, бастапқы кезеңде оны сумен немесе дымқыл маталы көрпемен, кез келген басқа тығыз синтетикалық емес материалмен жабу арқылы жоюға болады, мүмкін болса, тиісті өрт сөндіргішті пайдалану керек.
Әсіресе аулаларды, үй аралары мен көшелердегі қоқыстарды жинауда сақтық шараларын естен шығармау қажет. Мүмкіндігінше, қоқыстар мен қоралардағы шөп қалдықтарын (сабан) көлікке тиеп, арнаулы орындарға шығарған абзал. Тұрғындардың ашық от жағып оны бақылаусыз қалдыруынан, балалардың от пен ойнауынан немесе қалдық сабан шөпке түскен сөндірілмеген темекі қалдығынан үлкен өрттің пайда болуы туындайды.
Сондықтан, қалдық шөпті немесе қоқыстарды өртеу тек өзіңнің жеке үйіңе ғана емес, айналаңдағы көршілеріңе қатер төндіретінін естен шығармайық. Болатын өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында орын алуының себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандығынан, балалардың отпен ойнауынан, электр жабдықтарын монтаждау, және техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуынан туындайды.
Өрттің тілсіз жау екенін бәріміз түсінсек те, оның нағыз мәнін ұғына бермейміз. Бұл тұрғыда ауылдық жерлерде далада жаңа шөп шығу үшін жер өртейтін әдет бар. Мал азығы үшін бәлкім дұрыс болар. Алайда, бұл шара кейде қараусыз қалып далалық өрттерге ұласып кету оқиғалары кездесіп жатады. Осындай істерді қолға алмас бұрын алдын ала өртке қарсы қызмет бөліміне, хабарлап ескерту шарт. Абай болайық!
Төтенше жағдайлар кезінде "101" немесе "112" нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ұмытпаңыздар.

Жаңқорған ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі
02 наурыз 2023 ж. 406 0