№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кене - нағыз вирус

Кене - нағыз вирус

Кене - нағыз вирус таратушы паразит. Яғни, түрлі вирустық ауру таратушы өрмекші тобына жатады.

Кене шаққанда оны өзідігінен алудың қажеті жоқ, одан да жақын маңдағы дәрігердік пунктерге барып алдыртқан дұрыс.

Кене шаққан орында дәрігерлер зарарсыздандырып беруі керек. Әйтпесе уыты тарап, аллергиялық реакция беруі мүмкін, тіпті микроб түсіп іріңдеп кетуі де ғажап емес.

Кенеден жұғатын аурулар:

Кене энцефалиті - орталық жүйке жүйесін зақымдап, 21 күнде адамды сал ауруына шалдықтырады. Одан өмір бойы жазылу мүмкін емес.

Қырым қанды геморрагиялық қызбасы - үш күн ішінде мұрыннан, ауыздан, жыныс мүшелерінен қан кетіп, қан тамырлары жарылып, адам қайтыс болуы мүмкін.

Кене боррелиозы немесе Лайм ауруы - 3-32 күн аралығында вирус қан арқылы денеге тарап, бездерді талқандайды. Көбіне менингит, энцефалит немесе дерматит ауруларына әкеп соғады.

Кенеден сақтану жолдары:

Тауға, орманға, табиғат аясына шыққанда міндетті түрде жабық аяқ киім, жабық спорттық киім және бас киіммен шығу қажет.

Үйге келгенде бастан-аяқ шешініп, үсті-басыңызды толық қарап шығыңыз. Кене көбінесе дененің қатпарлы қуыстарына тығылады. Шаш арасына, құлақ түбіне және сан аймағында, шапқа көп тұрақтайды.

Даладан келгенде денеңіздің кез-келген жерінде қышу немесе сәл қызу көтерілгенін байқасаңыз, бірден қарап, тексеріңіз.Көктем-жаз айларында, әсіресе жаңбырлы кездерде кене көбейе түседі.

Көктемде табиғат аясында серуендеу кезінде немеса жазғы демалыста кенеден сақ болыңыздар!
20 қазан 2023 ж. 265 0