№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ермек Көшербаев ШҚО әкімі болып тағайындалды

Ермек Көшербаев ШҚО әкімі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. syrboyi.kz


Бүгін сағат 10.30-да Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы мәслихаттар депутаттарының жиналысы басталды. Күн тәртібінде өңір әкімін тағайындауға келісім беру ғана енгізілді.
Барлығы екі кандидат ұсынылды. Олар – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.
Кандидаттарды мәслихаттардың 153 депутатына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов таныстырды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша: Ермек Көшербаевқа – 117, Дархан Сапановқа 36 депутат дауыс берді.
Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде аға инспектор болып бастаған.
1989-1994 жылдар аралығында аталған министрлікте әртүрлі лауазымдарда еңбек еткен. 1994–1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президенттің Протоколдық қызметінің басшысы болған.
1996–1997 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Сыртық істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.
1997–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болған. 2000–2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген. 2010–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған.
2014-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.
2018–2020 жылдар аралығында Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Еске салайық, бүгін таңертең Президент Жарлығымен ШҚО әкімі Даниал Ахметов қызметінен босатылған еді.

16 маусым 2023 ж. 245 0