№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тараптар медиация тәртібімен татуласты

Тараптар медиация тәртібімен татуласты


Төтенше жағдайға байланысты іс бойынша тараптар сот отырысына бейнебайланысконференц арқылы немесе ұялы телефондарына «TrueConf» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы қатысуда.
Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен сотталушы  К-ға қатысты қылмыстық ісі тараптардың  «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы сот талқылауына онлайн қатысуымен қаралып, сотталушы жәбірленушімен татуласына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы К. Жаңақорған кенті Байдүйсен көшесінің №13 үйінде тұрып жатып,  2020 жылдың 13 наурызында 10 сағат 30 минут шамасында жәбірленуші Қ-ның үйінен шығып кеткенін пайдаланып, оның сандықта тұрған 30000 теңгесін жасырын жымқырып, 30 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген.
 Сот отырысында  сотталушы К. жәбірленуші Қ-мен кәсіби медиаторға жүгініп, медиатор арқылы өзара ымыраға келіп, татуласып, келісімге келгендерін, залалды өтегенін  көрсетті.  
Жәбірленуші Қ. сотталушы  келген мүліктік шығынды толық қалпына келтіргенін, медиация тәртібімен татуласқанын, қазіргі уақытта оған қояр талап тілегі жоқ екенін көрсеткен.
Аудандық соттың қаулысымен сотталушы К. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.
Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде тараптардың соттасатын уақыт емес екенін түсініп, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізуі құптарлық іс болып табылады.
 
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
28 сәуір 2020 ж. 747 0