№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік байқауға шығарып, жетістіктер алып беретіне сендіріп алаяқтық жасаған

Мемлекеттік байқауға шығарып, жетістіктер алып беретіне сендіріп алаяқтық жасаған

Жаңақорған аудандық сотында азаматша Н. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықаталғандай азаматша Н., 2018 жылдың қыркүйек айында жәбірленуші А., мемлекеттік байқауға шығарып, жетістіктер алып беретіні жайлы жалған айтып, сендіріп 140000 теңгесін алдап алған. Сөйтіп алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкіне алдау арқылы құқықты иемденіп Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының  1-бөлігіндекөзделген қылмысты жасаған.
Осыдан кейін сотталушы Н.,  2018 жылдың қыркүйек  айының соңғы күндерінің бірінде жәбірленуші Ш., кәсіби байқауға жарнапұл шығарып, марапат алып беретіні жайлы жалған айтып сендіріп, 150000 теңгесін алдап алған. Осылайша ол алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкіне бірнеше рет алдау арқылы құқықты иемденіп Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының2-бөлігінің 2-тармағындакөзделген қылмысты жасаған.
Сотта жәбірленушілер А мен Ш., сотталушы Н., қазіргі уақытта  медиация тәртібімен өзара ымыраға келіп, татуласқандарын, сотталушының тарапынан залал өтелгенін, оған кешірім беретіндерін  көрсетті.
Аудандық соттың қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен сотталушы Н., жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне  байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып,  қылмыстық іс тоқтатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
29 сәуір 2019 ж. 861 0