№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен тоқтатылды

Қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 188-1 бабының 1-бөлігімен сотталушы И-ға қатысты қылмыстық іс тараптардың «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы сот талқылауына онлайн қатысуымен қаралды.
Басты сот талқылауында анықталғандай, сотталушы И. алкогольді масаң күйде 2020 жылдың 19 сәуірі күні сағат 12:30 шамасында Жаңарық ауылында бір топ ешкінің жол жиегінде жайылып жүргенін көріп, олардың біреуін жасырын жымқырып, ұрлауға ниеттенген.
Сотталушы И. жәбірленуші А-ға тиесілі құны 18 000 мың теңге тұратын бір бас ешкісін ұстап алып, байлап, сол маңдағы шеңгел арасына жасырып қойған. Малды алып кету үшін қылмыс орнына қайта келгенде мал иесі А-ны көріп, оқиға орнынан бой тасалаған. Сөйтіп сотталушы И. өз әрекетін өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмай, мал ұрлығын жасауға оқталған.
Сот отырысында сотталушы И. жәбірленуші А-мен медиация тәртібімен татуласқанын, келтірілген залалды толық өтегенін, ол өзіне кешірім бергенін көрсетті.
Жәбірленуші А. сотталушы И-мен медиация тәртібімен татуласып кешірім бергенін, өзіне келтірілген залал өтелгенін, оған қояр талап тілегінің жоқ екенін, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған.
Сот қаулысымен сотталушы И. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.
Тараптардың соттасудың тиімсіз екенін түсініп, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізуі құптарлық іс болып табылады.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
17 маусым 2020 ж. 432 0