№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бақылаусыз бала бассыздыққа барады

Бақылаусыз бала бассыздыққа барады

Аталмыш тақырыппен кенттегі №110 мектеплицейінде оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттердің алдын алу мақсатында атааналар жиналысы өтті. Жиында қылмыстық құқық бұзушылықтың, топтық төбелестің алдын алу, түнгі мезгілдегі балалардың қозғалысы, білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбы бойынша аталмыш мектеп директорының міндетін атқарушы Мейрамбек Бижікеев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асхат Абдукаримов, мектеп инспекторы Нұрлан Абуталипов хабарлама жасады.


М.Бижікеев хабарламасында: – Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы алтын ұясы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал тектен-тек айтылмаса керек. Сол себепті бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да тәрбие жұмысы. Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанмен оларды тәрбиелеуші – ата-ана, білім шаңырағы, ортасы. Сонымен қатар, бала тәрбиесі ұлт таңдамайды. Тәрбие барлық ұлтқа бірдей қызмет етеді. Сондай-ақ әр елде бала тәрбиесіндегі тәсілдер әрқилы болғанмен, барлық балаға қажеттіліктер бірдей. Олар: туған отбасы, ұядай жылы үйі, атаанасының шексіз қамқорлығы, махаббаты мен сүйіспеншілігі, – деді.

Ата-аналар атынан сөз алған Жан Шайхысламов халқымыздың қашанда бала тәрбиесіне бей-жай қарамағанын, себебі ертеңгі күні сол ұрпақтан елінің абыройын көтеретін, жерін қорғайтын нар тұлғалы азаматтар өсіп шығатынын айтты.

– «Сол себепті ата-бабамыз «Отан – отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Қашанда еліміз үшін бала тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі. Егерде баланы отбасында ислам дініне және салт-дәстүрге қанық қылып өсірсек, елімізде келеңсіз жағдайлар орын алмас еді. Ата-бабамыз бала тәрбиесін асыл дінімізбен ұштастырып, баланы тәрбиелеуде үгіт-насихатты пайдаланғанын көруге болады», деп өз ойын жеткізді.

Жиналғандар бар баланың болашағы жарқын болуы үшін үш-жақты тәрбиенің ақсамауы қажеттігін айтып тарқасты.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
26 сәуір 2023 ж. 205 0