№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білім мен тәртіп егіз ұғым

Білім мен тәртіп егіз ұғым

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж директорының міндетін атқарушы Талғат Шарапұлы Аудан әкімінің орынбасары Бектас Нұрдиновтың, ата-аналар,студенттер жиналысы ұйымдастырылды.


- жеткіншектер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу, түнгі беймезгіл жүрісті азайту, құқық бұзушылыққа жол бермеу, топтық төбелесті болдырмау.

Жиын барысында тәлімді-тәрбиелі ой ақтарып, сөз бастаған аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлы жеткіншектердің білім ордасынан тыс тәрбиесіне ата-ана жауапты екенін алға тартты. Әрбір баланың болашағы үшін ата-ана қатаң бақылау жасау керектігін ескертті. Тәртіпсіздік, бұзақылық пен жік-жікке бөлінетін топтық төбелестің студенттер арасында орын алмау керектігіне теренен тоқталды. Студенттердің өрескел әрекеттері қоғамдағы өзекті мәселе болмауы тиістігін нұсқады. Студенттердің кешқұрым уақытта ойын клубтарында, кафе, түнгі демалыс орындарында уақыт өткізбеу керектігін, оған еш рұқсат жоқтығын басты назарға алды. Бұл орайда әрбір ата-ана баласының жасап жатқан іс-әрекеті мен тәрбиесіне қатаң мән беру керектігіне тоқталды.

Өз кезегінде Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мампаев Алмат Құрбанайұлы арнайы баяндама жасап аудан әкімінің орынбасары Нуридинов Бектас Балғабайұлына колледж кабырғасына арнайы учаскелік полиция бөлуін сұрады.

Колледж құрам жанынан арнайы топ құрылғандығын мәлімдеп, түнгі уақыттағы бейәдеп жүрісті тию туралы ескерту жасады. Сондай-ақ, білім ордасы, ата-ана, қоғам болып үш жақты жұмыс жасау нәтиже көрсететінін тілге тиек етті.

Актауалды тақырыпқа үн қосқан ата-аналар да өз пікірін білдіріп, болашақтың байрағын биіктетер ұлағатты ұрпақ қалыптастыруға деген игі тілектерін жеткізді.


06 шілде 2023 ж. 230 0