№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балалар – біздің болашағымыз

Балалар – біздің болашағымыз

N169 Н.Илялетдинов атындағы жалпы орта мектебінде Кәмелетке толмағандардың құқықтарының қорғалуы және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құқықбұзушылық жасаған жасөспірімдерге қатысты заң бойынша жауапкершіліктері туралы жадынамалар ата-аналар мен оқушыларға тәрбиелік мәні бар бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, ақпараттық парақшаларды Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы таратылды.

Түсіндірме жұмысын жүргізу кезінде мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп инспекторы, ата-аналарға жан-жақты мағұлмат беріп, заң аясында бала құқығын жөнінде сөз қозғады.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22:00-ден кейін ата-анасыз жүруге, топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға тыйым салынады.

Қазақстанда жасөспірімдер
қылмыстық жауапкершілікке 16 жастан бастап тартылады, бірақ ерекше жағдайларда: қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру әрекеттері, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату, ұрлық және зорлық-зомбылық үшін жасөспірімдер 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Әрбір ата-ана балалардың тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасап, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша бірлесе жұмыс жүргізілу керек екені шегелеп айтылды.

Қорыта айтқанда, баланың тәрбие алатын орны да – отбасы. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы деген ұғым бар. Сондықтан, жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы насихаттау жұмыстарын олардың ата-аналарының арасында жүргізу әлдеқайда тиімді болып, оң нәтижесін береді деген сенімдемін.

27 наурыз 2022 ж. 583 0