№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Сондықтан да Жаңақорған ауданы прокуроры, әділет кеңесшісі Әбіш Дарын Елтайұлының бастамасымен 22-26 ақпан күндері аралығында Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі студенттерінің ата-анасымен құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тәрбие жұмыстары өткізілуде.


Шараға Жаңақорған ауданы прокуроры Д. Әбіш, аудандық полиция бөлімінің инспекторы Қ. Үсенов, Ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы
Ж. Жиенбаева, ауданаралық аурухана психологі Ж. Искаков, Жастар ресурстық орталығының директоры
Н. Орынбасаров, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Мампаев қатысуда. Колледжде оқитын 1-3 курс аралығындағы барлық мамандық студенттерінің ата-аналары ерекше белсенділікпен қатысуда. Өзара пікіралмасу орын алып, ұсыныстар тыңдалынып, назарға алынып жатыр.

Ата-аналармен  үгіт насихат жұмысын жүргізу мен ұйымдастыру кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың деңгейін төмендетуге себеп болары сөзсіз.

26 ақпан 2021 ж. 898 0