№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тұрақты коммисияның бірлескен отырысы өтті

Тұрақты коммисияның бірлескен отырысы өтті

Бүгін аудан мәслихатының тұрақты комиссияның бірлескен отырысы болып өтті.


Комиссия отырысына тұрақты комиссия мүшелері мәслихат депутаттары, сонымен қатар, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаев, экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Семсер Әсенов қатысты.

Тұрақты комиссия отырысында аудандағы көлік қатынастарының жай-күйі туралы және аудан мәслихатының тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарлары туралы мәселе қаралды. Отырысты комиссия төрағасы Жасұлан Амалбеков ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаев хабарлама жасады.
- Қазіргі таңда Жаңақорған кентішілік бағытындағы қоғамдық көліктер кент аумағында орналасқан Ипподром, Саяжай және МАИ бекеті ықшам аудандарының көлемі кеңейіп жыл сайын халық саны өсіп келеді және тұрғындарының сұраныстарына сәйкес 3 бағытта тасымалды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, №1 Қорғантоғай - Саяжай бағытындағы маршрут ең шеткі Саяжай мөлтек ауданы, 9 көше арқылы, №2 Жаңаауыл-МАИ бекеті бағытындағы маршрут МАИ бекеті мен Жаңаауыл ықшам ауданы аралығында, сонымен бірге №3 Алтынсарин - Ипподром бағытындағы маршруттың жүру сызбасына өзгерістер енгізілген, жаңадан ашылған №169 мектепті қамти отырып екінші жағынан соңғы аялдама Агроколледж болып сызбасы қайта белгіленіп тасымалдауды жүзеге асырып келеді. Кентішілік бағыттардағы қоғамдық көліктердің жұмысын тұрақтандыру бағытында ағымдағы жылдың наурыз айында халық көп шоғырланатын орындар мен орталық көшелерде (орталық базар, Қазақтелеком, Казпошта, Емхана) маңында орналасқан аялдамаларға маршруттардың жүру бағыттары мен сызбалары, жұмыс уакыты көрсетілген арнайы ақпараттық тақтайшалар дайындалып аялдамаларға орналастырылғанын айтып өтті.

Комиссия мүшелері, яғни халық қалаулылары тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, көлік қатынасын реттеу, тұрғындарды күттірмеу мақсатында қоғамдық көліктің санын көбейтіп уақытын жиілету және қосымша төртінші маршрут қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына көтерілген мәселерде зерттеп, тиісті құжаттары мен есептерін, маршрут сызбасын аудан мәслихатына жолдауды тапсырды.
20 сәуір 2023 ж. 213 0