Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәслихат аудан бюджетін бекітті

Мәслихат аудан бюджетін бекітті

Аудан мәслихатының VII шақырылымдағы кезекті XІV cессиясы өтті. Күн тәртібінде 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет бекітіліп, ауданның автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және жөндеуден өткізу мәселелері туралы және өзгеде мәселелер қаралды.


Сессия отырысына аудан әкімі Руслан Рүстемұлы, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдері, аудандағы мекемелер басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Семсер Әсенов баяндама жасады.
Келесі мәселе бойынша ауданның тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаевсөз етті.
Сессияны мәслихат хатышы Ғалымжан Жарқынбекұлы жүргізіп отырса, депутат Әлібек Нәлібаев пен Нұрлат Байгенже орынды ұсынысын ортаға салды.
Алқалы жиынды түйіндеген аудан әкімі Руслан Рүстемұлы 2022 жылы атқарылатын жаңа бастамаларымен бөлісе кетті. 
– Облыс бойынша 4 балабақшаның құрылысы жүрсе, соның екеуі бізде, 6 мектеп салынса, оның екеі тағы біздік ауданға тиесілі. Келінтөбе және Машбек ауылында салынатын спорт кешенінің жоба-сметалық құжатын дайындау, Қаратөбе дәрігерлік амбулаториясы, Қашқанкөлде медициналық нукнт, Төменарықта аурухананың жоба-сметалық құжатын әзірленеді. Сондай-ақ екі клуб үйіның құрлысын жүргізу жоспарда бар. Облыс бюджетінен аудандық маңызы бар 18 жолға қаржы қаралса, соның 4 уі Жаңақорған ауданының еншісінде. Олар: Аққұм, Қыраш, Талап, Шалқияға баратын жол асфальттанады. Екпінді мен Машбектегі көпір құрылысы жүреді.
Ең бастысы – облыс бойынша электр желесін жаңғыртуға 5 жоба қаралса, оның төртеу Қызылорда қаласы болса, біреуі Жаңақорған кенті. Бұл жоба жүзеге асса, кенттен шыққан жарамды бағаналар мен желіні ауылдық округтерге бағыттап, элетрк желесін жаңартуға мән береміз, – деді аудан басшысы.  Сессия отырысы «Aitube» платформасында тікелей көрсетілімі жүргізілді (онлайн-трансляция).


27 желтоқсан 2021 ж. 235 0