Маңызды мәселелер талқыланды
Жақында аудан әкімдігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев, аудандағы салалық бөлім басшылары қатысты. Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ақылбек Жәнібеков кеңесте модераторлық етті.
Күн тәртібінде «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №388 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жаңақорған аудандық мәслихаты жобасы тыңдалып, бұл жөнінде аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ахмет Қасқабаев хабарлама жасады. Қосымша мәселе Жаңақорған кентінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының үйлесімділігін реттеу жайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Зейнулла Әшірбеков және Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары Нұржан Сүлейменов түсініктеме берді.
Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап Жаңақорған аудандық мәслихаты шешімінің жобасына келісім берді.
Жаңақорған кентінде жер кезегінде тұрған азаматтарды азайту мақсатында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі ұсынған бюджеттік өтінім қайта жаңғыртылып 6800 үйге жерді егжей-тегжейлі жоспарлау жұмысымен инфрақұрылымдар үшін ағымдағы жыл соңына дейін қаржы бөлу мәселесін пысықтады.
Екінші мәселе бойынша Жаңақорған кентін абаттандыру жұмыстарымен тұрғын үйлерге жеткізілетін су құбырларын жүргізудегі келеңсіз жағдайларды жою бағытында талқылау болды.
Қоғамдық кеңес аудандағы маңызды істерді талқылап, ұтымды шешім шығаратын қоғамдық институтқа айналып келеді.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ