№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көз жанарың суалмасын

Көз жанарың суалмасын



«Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы» деп Қасым ақын жырлайтындай, адамның қос жанары – шырағы емес пе? Бала күнімізде ата-анамыз «теледидарға жақын отырма, кітапты жатып оқыма» деген ескертулерді көп айтатын. Алайда, ол сөздердің астарына бала болғандықтан терең үңілмесек керек. Ал, қазіргі уақытта жанары солғын тартып, одан қиындық көріп жүргендер саны күннен күнге артуда. Сенесіз бе, көз дәрігеріне көрінетіндердің дені жастар екен. Ал, үлкендер арасында катаракта дерті тіпті артып кеткен. Тақырыпты тереңірек қаузау үшін аудандық емханаға барып, көз дәрігері Әсел Ермаханбетованы сөзге тарттық.
– Әсел, елімізде көз ауруларының саны жылданжылға артып келеді. Тіпті егде тартқан адамды қойып, жасөспірімдеріміздің де көз жанары әлсіреуде. Бұған басты себеп не?
– Көздің көру мүмкіндігі төмендеген тұрғындар саны жыл сайын артып келеді.Біздің ауданда 500 адам есепте тұрады. Оның 280-і үлкен кісілер болса, 220- ы жасөспірімдер.Күніне 40-45 адам сырқатына дауа іздеп келсе, айына 15-20 адамды облысқа ота жасатуға жібереміз. Әсіресе, миапия, глаукома, катаракта аурулары басым. Орта жастан асқандар арасында көзішілік қан қысымының жоғарылауы жиі кездеседі. Көз де басқа ағзалар сияқты ұзақ қызмет еткеннен талады, бұлдырап, шаншып ауырады да көбінесе бас ауруына ұласады. Катаракта деп көзді шел басқанды айтады. Яғни, көздің ішінде хрусталик болады, адам жасы ұлғайған сайын ол хрусталик жарамсыз болып, көздің көруі нашарлап кетеді. Ондай жағдайда облысқа жолдамамен жібереміз. Ол жақта білікті мамандар көздегі жарамсыз хрусталикті алып, жасандысын салады. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Қазір медицина әлдеқайда дамыған. Ешқандай залалсыз жасалады, әрі көздің көруі бұрынғы қалпына келеді. Ал, глаукома, яғни көздің ішіндегі қан қысымының жоғары болуы да кең етек ала бастады. Егер осындай белгілер байқалса, дер кезінде алдын алып, жүйелі ем қабылдаса бәрі артта қалады. Сонымен қатар көз аурулары да жасарып барады. 40-45 жаста-ақ катаракта немесе глаукомасы бар науқастар саны аз емес. Миопия да жасарды. Бұрын ең ертесі 5-6 жаста басталатын миопия, қазір, өкінішке қарай, баланың 3 жасында-ақ анықталатын мысалдар көп. Бұның бірінші себебі – көру жүктемесінің жалпы күшеюі. Балаларды мектепке ерте дайындау, жалпы білім беру реформасы, яғни мектептердегі бағдарламалардың қиындауы. Жалпы адамдардың, балаларымыздың компьютердегі, түрлі гаджеттердегі кино, видео, ойындарға құштарлығы. Сонымен қатар жиі кездесетін соматикалық аурулар да көз ауруларына себеп болады. Қоршаған ортаның ластану деңгейін де ұмытпайық.
11 маусым 2023 ж. 265 0