№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Covid-19: індет жұққандар саны артты

Covid-19: індет жұққандар саны артты


Әлемде індет айылын жимай тұрғанда қауіпсіздік шараларын ұмытып, той-томалаққа ерік бердік. Соның салдарынан эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Ауданда күн санап науқастар саны артып келеді.


Біздің облыс «қызыл аймаққа» енгеніне бір айдың жүзі болды. Базары мен туристік нысандарымен көзге түсетін Түркістан облысы эпидемиологиялық ахуалы оңалып, «жасыл аймаққа» өтті.
Сыр өңірінде бүгінге дейін 13003 адам індетке шалдықса, оның 9999-ы жазылып шықты. Бір күнде індет жұқтырғандар дерегін сөйлетсек, Қызылорда қаласында – 141, Шиелі ауданында – 23, Жаңақорған ауданында – 21, Қазалы ауданында – 12, Қармақшы ауданында – 8, Сырдария ауданында – 6, Арал ауданында – 5, Жалағаш ауданында – 3 адам вирус жұқтырғаны белгілі болды. Аймақта 16 адам қауіпті індеттен қайтыс болса, оның 9-ы Қызылорда қаласының, 3-і Жаңақорғанның, 2-і Жалағаштың, 2-і Сырдария мен Шиелі ауданының тұрғыны екені расталды.
Жоғарыдағы келтірілген мәліметтерден-ақ, Жаңақорған ауданының жағдайы өзге аудандарға қарағанда өте күрделі екенін байқау қиын емес. Жұқпалы аурухана бөліміндегі төсектің 80 пайызында ем алып жатқан науқастардың жағдайы туралы инфекционист-дәрігер Әсел Сейіловадан сұраған едік.
– Науқастардың көбі үйде ұзақ жатып қалып, жағдайы ауырлаған кезде дәрігерге жүгінуде. Тұмау белгілеріне ұқсас індетпен ауырғаныңызды сезінсеңіз, дереу жедел көмекке жүгіну керек. Науқастардың ауру жұқтыру тарихына зер салсақ, той мен жиынға барғанын айтады. Қазіргі толқынның қарқыны өте жылдам, алғашқы толқынмен салыстырсақ, алдыңғы жылдары науқас 2-3 ай күресіп, берілмеуге қауқары бар еді. Қазіргі толқын 3-4 күннің ішінде жасанды дем алу аппаратына таңылуда, – деді бөлімше меңгерушісі Әсел Есдәулетқызы.
Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде – 46 науқас, КВИ 2 стационарда – 55 науқас ем қабылдауда. 17 науқастың жағдайы ауыр, оның 7-уі жасанды демалу аппаратына қосылған. Осы қарқынмен науқастар саны арта берсе қосымша КВИ орталықтары ашылады. Мұны ауданның бас эпидемиолог-дәрігері Асхан Отарбеков айтты.
– Халықтың сақтық шараларын ұстанбауы эпидемиологиялық ахуалды ушықтырып жіберді. Қарапайым мысал келтірсек, қоғамдық көлік, базар, орталық алаңда маска таққандар қарасы аз. Мекемелерде антисептик пайдалану, хлорлаудың дұрыс жүргізілмеуі де індеттің өршуіне себеп болуда. Күнделікті жұмыс барысында әркім өз қорғанысың нығайтып, сақтық шараларына мұқият қарау міндет, – деді ол.
Дәрігерлер қауіпті індеттен құтылудың жалғыз жолы – вакцина алу екенін айтады. Өзіңнің және отбасының қауіпсіз өмір сүруі үшін екпе салдыру маңызды. Әлем мойынсұнған екпені уақытылы алмай, арасындағы мерзімді ұзартып жүргендердің қауіпке қарсы иммунитеті әлсірейтінін еске саламыз.

Мақпал МАРҚАБАЙ
17 тамыз 2021 ж. 600 0