№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада кәсіпкерден негізсіз қосымша құжат талап еткен

Қызылордада кәсіпкерден негізсіз қосымша құжат талап еткен



         Қызылорда облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке мемлекеттік сатып алудағы заңсыз әкімшілік кедергілер бойынша кәсіпкер өтініш білдірді.
Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысының филиалы мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша кәсіпкерден тауарды (кәсіби инсектоакарицидтік концентратты) тапсыру барысында қосымша сәйкестік сертификатын беруді талап еткен.
         Департамент аталған мәселенің негізінде тауарларды өткізу мақсатында қалған құжаттама топтары түгел болған жағдайда, сәйкестік сертификаты сұратылмайтынын анықтады.
Осының аясында департамент мүдделі тараптармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тапсырыс берушімен кәсіпкер ұсынған тауар заңнама аясында қабылданды.
10 наурыз 2023 ж. 400 0