Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымымен кездесу өткізді
Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару АкадемиясыныңҚызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айтимов Мұрат Жолдасбекұлы Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты - ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен заң нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Шара барысында Ғалия Ұбайдуллақызы - мемлекеттік қызметшілер әрбір азаматтың мәселесіне терең үңілуге және қос тараптың қарым-қатынасы нәтижесінде туындайтын әкімшілік кедергілер мен негізсіз әуре-сарсаңдарға жол берілмеуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы ақпараттар берді.
Өз кезегінде Мұрат Жолдасбекұлы - 2020 жылдың 6 қазанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»заң негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыруға және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында, ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты және комплаенс-қызметтін енгізу бойынша арнайы әзірленген көрнекі құралдарды пайдалана отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.